Отандық субстанция негізінде өндірілген «Сүттіген-2» капсулалардың сапалық және сандық көрсеткіштерін зерттеу
Қаралымдар: 187 / PDF жүктеулері: 122
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-141-4-19-26Кілт сөздер:
гепатопротектор, дәрілік препараттар, илегіш заттар, флавоноидтар, перманганатометрия, комплексонометриял, спектрофотометрияАңдатпа
Мақала гепатопротекторлы қасиетке ие дәрілік препараттарды өндіру және олардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу мәселесіне арналған. Дәрілік препараттардың сапасы анықталды. Сапалық бақылау нормативтік – техникалық құжаттарға сай қатал регламенттеледі. Қазіргі күнде осы жұмыстың өзектілігі дәрілік препараттардың сыртқы өзгерісі және химиялық зерттеулерде улы ыдырау өнімдерін түзуі, тұрақтылықты зерттеу және сақтау мерзімін дәрілік заттардың сапалық факторы ретінде қарастыруды қажет етеді. Дәрілік препараттар олардың сапасымен эффективтігінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады. Бұл шарттар нормативтік құжаттарға сай орындалады.
Илегіш заттар тобын, флавоноидтарды анықтау үшін сапалық реакциялар жүргізілді. Капсулалардың масса біртектілігі , ыдырау және ерігіштік көрсеткіштері, ылғалдылығы, қышқылдық және асқын тотық санын анықталды. Капсула құрамына сандық талдау жүргізу үшін перманганатометриялық, комплексонометриялық, спектрофотометриялық және ЖЭСХ (ВЭЖХ) әдістерін қолданады.