Алюминий-графит электродтарын қолдана отырып, құс фабрикасындағы ағын суларды электрокоагуляциялық әдiсiмен тазарту


Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 69

Авторлар

  • К Мейрамқұлова
  • Ж Джакупова
  • Е Ташенов

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-128-3-51-57

Аңдатпа

Құс өңдейтiн фермаларында қолданатын ағын суларды электрокоагуляция әдiсiмен тазартуы орындалды,
сонымен қатар, осы құбылыстың ток күшiне байланысты өзгеруi зерттеле отырып, электролиз процессiн оңтайлы
параметрлерiмен жүзеге асыруы орындалды. Төмен энергия тұтыну жағдайлары да анықталды. «Ижевск» құс
фабрикасының ағынды суларына талдау жүргiзiлдi. Ток күш мәндерiнiң 0,5-1,6 А аралығындағы әсерi зерттелдi.
Алюминий және графит электродтары тұрақты болғандықтан және химиялық/биологиялық оттегi тұтынудың
(ХОТ/БОТ), ластану мен фосфаттардың концентрацияларын тиiмдi жойғандықтан қолданылды. Зерттеу нәтижесiнде
ағынды суларды тазарту бойынша электроток күш параметрiнiң оңтайлы көрсеткiштерiн анықтай отырып, тиiстi
цехтардың әрқайсысында ластанудан 100% дейiн, жалпы фосфордан 97,9% дейiн ХОТ-дан 100% дейiн және БОТ-дан
99% дейiн жою тиiмдiлiгiне қол жеткiзiлдi.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)