Ақмола облысының құс фабрикалары сою цехтарының ағынды суларының құрамы мен сипаттамасы
Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 79
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-125-4-51-55Аңдатпа
Бұл жұмыста құс фабрикаларының ағынды суларының сипаттамасы менқұс сою кезiнде отетiн
технологиялық үрдiстердiң өзгеше ерекшелiктерi берiлген. Ақмола облысының құс етiн өңдеумен айналысатын құс
фабрикаларының сою цехтарының ағынды сулар құрамы зерттелген. Зерттеу нәтижелерi бойынша физикалықхимиялық көрсеткiштерi бойынша бөлшектеу цехының ағынды суы ең лас деп танылды, бұл әрине заңды құбылыс.
Құс шаруашылығы кәсiпорындарының нақты өндiрiсi немесе шаруашылық бiрлiктерiнiң технологиялық операцияларын
орындауға байланысты ластау көздерiнiң бiртектiлiгi тәулiк iшiнде шығатын ағынды суларға құс басына орташа немесе
одан да көп ластануға әкеп соқтырады. Аппараттар сияқты құстың жасы да ағынды сулардың биохимиялық құрамына
айтарлықтай әсер етпейдi. Осыған байланысты құс фабрикаларының сойыс канализациясының жалпы физика-химиялық
және бактериологиялық сипаттамасы берiлген. Зерттелген ағынды сулардың жеке көрсеткiштерi су объектiсiне ластаушы
заттардың рұқсат етiлген шығарындыларынан айтарлықтай асып түседi.