Сарыарқа топонимдері қалыптасуының географиялық негіздері
Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 30
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2023-144-3-63-76Кілт сөздер:
Сарыарқа, топонимдер, жер бедері, климат, гидронимдер, өсімдіктерАңдатпа
Мақалада Сарыарқаның физикалық-географиялық жағдайы (жер бедері, климат, гидрография, топырақ), флорасы мен фаунасы және олардың жергілікті жер атауларында бейнелену ерекшеліктерінің географиялық негіздері қарастырылады. Сарыарқа – Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтарының бірі. Солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен ұштасып, оңтүстігінде Балқаш көліне дейін, шығысында Қалба және Тарбағатай жоталарымен шектесіп, батысында Торғай қолатына дейін созылған.
Сарыарқа аумағы Орталық Қазақстандағы жер бедерінің күрделілігімен сипатталады. Жер бедерінің ерекшеліктеріне оның геологиялық құрылымы мен жер бедерін құраушы факторлары әсер етеді. Аумақтың географиялық орналасуына байланысты күрт континентальды климат, су ресурстарының жетіспеушілігі және олардың біркелкі таралмауы, аридті ландшафт түрлері байқалады. Бұл табиғи ерекшеліктер аумақтың топонимдерінде көрініс тапқан. Географиялық атауларды жіктеу және топонимдердің түрлерін топтастыру жұмыстары кезінде аймақтың физикалық-географиялық жағдайларына байланысты басым атаулар анықталды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 А. Егинбаева, Емин Атасой, E. Кейкин
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.