Солтүстік Қазақстанның әртүрлі топырақ түрлерінде No-till технологиясын қолдану барысында өңделетін қабаттың жағдайын экологиялық бағалау


Қаралымдар: 240 / PDF жүктеулері: 120

Авторлар

  • Н. Зуева
  • Л. Жлоба
  • K. Кунанбаев
  • Н. Поползухина

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-138-1-45-52

Кілт сөздер:

топырақ, мыс, кадмий, мырыш, Сает көрсеткіші, ластанудың жиынтық көрсеткіші.

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстанның әр түрлі топырақ түрлерінің өңделетін горизонтында мыс, мырыш және кадмийдің жалпы мөлшері бойынша баға беру нәтижелері берілген. Жалпы ластанудың экологиялық көрсеткіші есептелді және топырақтың жағдайына экологиялық баға берілді. No-till технологиясын көп жылдары қолданып жатқан кәдімгі қара, оңтүстік карбонатты қара және қоныр топырақтарда зерттеулер жүргізілді. 5М азот қышқылы ерітіндісімен бөлініп алынатын ауыр металдардың жалпы формалары бойынша топырақтың жиынтық ластануын есептедік. No-till технологиясын қолдану барысында өңделетін қабаттың жағдайы бойынша жүргізілген экологиялық бағалау ауыл шаруашылығында пайдалану үшін кәдімгі қара топырақта және оңтүстік карбонатты қара топырақта топырақтың ластану көрсеткішінің рұқсат етілген бағасын көрсетті. Қоныр топырақтарда жүргізілген зерттеулер ластанудың I және II дәрежесін анықтады. Осы топырақтарға ауыр металлдардың түсуін мерзімді бақылау және есеп жасау керек.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

1 2 3 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.