Verbascum Orientale (шығыс аюқұлағы) флавоноидтарын химиялық зерттеу


Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 77

Авторлар

  • Ж Мукажанова
  • К Кабдысалым
  • M Ныкмуканова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-128-3-58-63

Аңдатпа

Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында дәрiлiк өсiмдiктерден алынатын биологиялық белсендi заттарды
тұтыну кеңiнен таралған. Сондықтан, Қазақстанның өсiмдiк флорасын зерттеп, биологиялық белсендi заттардың
жаңа көздерiн iздеу және жергiлiктi емдiк өсiмдiктерден табиғи медициналық препараттарды алу өзектi мәселе болып
табылады.
Зерттеудiң мақсаты Scrophulariaceae (Сабынкөкгүлдер) тұқымдасына жататын Verbascum orientale (Шығыс
аюқұлағы) өсiмдiк шикiзатынан флавоноидтарды бөлу және идентификациялау.
Алғаш рет Scrophulariaceae (Сабынкөкгүлдiлер) тұқымдасына жататын Verbascum orientale (Шығыс аюқұлағы)
өсiмдiк түрiнен 2018 жылы тамыз - қыркүйек айларының жемiс беру кезеңiнде Шығыс Қазақстан өңiрiнен жиналған
жер үстi бөлiгiнiң сығындыларынан флавоноидтарды бөлу және идентификациялау нәтижелерi көрсетiлген.
Флавоноидтарды бөлу үшiн силикагелдi абсорбциялық бағаналы хроматография және бiртiндеп бөлу әдiстерi
қолданылған.
Флавоноидтарды зерттеу нәтижелерi Verbascum orientale тектi өсiмдiктiң жер үстi бөлiгiнен жеке зат – лютеолин
бөлiнген. Алынған таза заттың құрылымы замануи физика – химиялық әдiстермен ИК, УФ, 1 H –ЯМР и 13 – ЯМР,
масс-спектрометрия және химиялық айналымдар нәтижелерi негiзiнде идентификацияланған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи