Ақтөбе облысының өнеркәсіп жағдайында топырақтың ауыр металдармен ластануын картографиялық әдістер негізінде бағалау
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-149-4-95-109Кілт сөздер:
ГАЖ технологиялары, геокеңістіктік талдау, топырақтың ауыр металдармен ластануы, интерполяция, IDW, спектрометрияАңдатпа
Жұмыста картаға түсіру әдістерін қолдана отырып, Ақтөбе облысының аумағында топырақтың ауыр металдармен ластануы бойынша зерттеу жүргізілді. Хром (Cr), никель (Ni), мышьяк (As), молибден (Mo), кобальт (Co), мырыш (Zn), қорғасын (Pb), мыс (Cu), кадмий (Cd), бор (B) элементтерінің топырақта кеңістіктік таралуын сипаттайтын ГАЖ ортасында ақпараттық-бағалау карталары әзірленді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы - ауыр металдардың таралу концентрациясын кері өлшенген қашықтық (IDW) интерполяция әдісі бойынша анықтау. Жұмыста Дөң тау-кен байыту комбинаты мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының санитарлық қорғау аймақтарында (СҚА) орындалған далалық топырақты зерттеу нәтижелері сипатталған. Топырақ сынамаларының үлгілері зертханалық жағдайда химиялық талдауға зерттелді. Ауыр металдарды анықтау спектрометрия әдісімен химиялық талдау негізінде жүзеге асырылады. Зерттеу нәтижелері ауыр металдардың жоғары концентрациясының аймақтарын анықтауға мүмкіндік беретін іріктеу карталары мен жеке элементтердің кеңістіктік таралуын көрсететін кешенді картографиялық модельді ұсынады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Yerkin Kakimzhanov, Kudaibergen Kyrgyzbay, Batyrgeldy Shimshikov, Tursynkul Bazarbayeva, Serik Zhumatayev
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.