Қазақстан Республикасындағы эрозиялық үдерістер
Қаралымдар: 191 / PDF жүктеулері: 29
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-148-3-158-172Кілт сөздер:
экологиялық мониторинг, топырақтың азуы, су эрозиясыАңдатпа
Топырақ эрозиясы жердің өнімділігінің төмендеуіне және телімнен тыс көптеген зардапқа әкелу арқылы топырақтың қызметіне едәуір қауіп төндіреді. Су, жел эрозиясы, топырақты өңдеу мен өнімді жинау барысында топыраққа төнетін қауіптілік деңгейі және аталған физикалық тұрғыдан әртүрлі үдерістердің бір мезгілде орын алуы байқалған аймақтарға салдары еселене түседі. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасы территориясындағы эрозиялық үдерістердің таралу аймақтарын, облыстар бойынша топырақтың су және жел эрозиясына ұшыраған аумақтарын сипаттау, электронды картография құралдарын пайдаланып тақырыптық карталарды құрастыру, талдау жасау. Зерттеулер нәтижесінде еліміз бойынша ауылшаруашылығы алқаптарынан шайылған топырақтың ең көп көлемі Түркістан облысына (933,7 мың га. немесе өңірдің ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданынан үлесі 18,9%) тиесілі екендігі анықталды, мұнан бөлек егістіктерден шайылған топырақтың ауданы бойынша – Ақмола облысы (351,3 мың га. немесе егістіктің жалпы ауданынан үлесі 28,8%) көш бастап тұр. Қазақстан Республикасындағы жел эрозиясына ұшыраған топырақтың жер көлемі бойынша Атырау облысы (3 133,9 мың га. немесе ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданынан 13%), егістіктің дефляцияланған жерлерінің ауданы бойынша Павлодар облысының (334,3 мың га. немесе егістіктің жалпы ауданынан 74%) үлесі басым. Республика бойынша жел эрозиясына ұшыраған егістіктің жалпы ауданы 451,8 мың га. екендігін ескерсек, Павлодар облысында тіркелген шама топырақтанушы ғалымдардың жіті назар аударып, эрозияға қарсы шаралар мен тәсілдерді қолдануын талап етеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Нургуль Сиханова, Ерлан Шынбергенов, Гулзинат Алдамбергенова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.