Литий ионды аккумуляторлар үшiн көмiртектi наноструктуралық материалдарды синтездеу және зерттеу


Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 91

Авторлар

  • А Абдрахманова
  • В Кривченко
  • Н Омарова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-125-4-8-13

Аңдатпа

: Әдеттегi никель-кадмий, никель-металгидридтi және қорғасын-қышқылды жүйелермен салыстырғанда
меншiктi сыйымдылықтың жоғары мәндерi литий-иондық батареялардың негiзгi сипаттамалары болып табылады.
Қазiргi уақытта литий-ионды аккумуляторлар әскери, медициналық, тұтынушылық және өнеркәсiптiк электрондық
құрылғыларда кеңiнен қолданылатын энергия көздерiне жатады. Жоғары меншiктi көрсеткiштерге қарамастан,
бiрқатар өтiнiштер тiптi одан да жоғары сипаттамаларға қол жеткiзудi талап етедi, себебi энергияның жеткiлiксiздiгi
батареяны зарядтау сәттерi арасындағы құрылғылардың жұмыс iстеу мерзiмiнiң төмендеуiне әкеледi. Мәселенi
шешу жаңа материалдарды әзiрлеу және электродтардың микроқұрылымын оңтайландырумен байланысты. Осыған
орай, бұл жұмыс синтезделген және модификацияланған наноқұрылымды көмiртектi қоспалардың литий-ионды
аккумуляторлардың функционалдық сипаттамаларына әсерiн зерттеуге арналған. Жұмыс барысындағы нәтижелер
көрсеткендей, коммерциялық көмiртектi нанотүтiкшелердiң орнына Хаммерс әдiсiмен модификацияланған көмiртектi
нанотүтiкшелердi қолдану литий-ионды аккумуляторлардың меншiктi көрсеткiштерiн айтарлықтай арттырады.
Түйiн сөздер: литий ионды аккумуляторлар, көмiртектi өткiзгiш қосымшалар, графен оксидi, катодтық
материалдар, суда еритiн полимерлер, өткiзгiш қосымшалардың синтезi.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)