Шолу: Катализдік түрлендіргіштерден платина тобындағы металдарды бөліп алу


Қаралымдар: 300 / PDF жүктеулері: 225

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2023-142-1-37-71

Кілт сөздер:

платина тобының металы (ПТМ), катализдік түрлендіргіш, пайдаланылған катализаторлар, бөліп алу, пиро/гидрометаллургия, магниттік сепарация

Аңдатпа

Платина тобындағы металдар (ПТМ) өздерінің тамаша физикалық және химиялық қасиеттеріне (жоғары температура тұрақтылығы, жоғары катализдік белсенділік, жоғары температураға төзімділік, жоғары коррозияға төзімділік) байланысты каталитикалық өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Олар медицинада, электроникада, мұнай өңдеуде, аммиак өндірісінде, отын элементтерінде, автомобиль өнеркәсібінде қолданылады. Катализдік қалдықтар металдардың маңызды қайталама көзі болып табылады, өйткені қалдықтарды өңдеу кендерден өндірумен салыстырғанда металдарды алудың үнемді және экологиялық таза тәсілі болып табылады. Қолданылған автомобиль катализаторы табиғи кендерге қарағанда ПТМ-ның концентрациясы жоғарырақ болатын платина тобындағы металдардың [ПТМ: платина (Pt), палладий (Pd) және родий (Rh)] бай көзі болып табылады. Шолуда пайдаланылған катализаторлардан платина тобындағы металдарды алу әдістерінің талдауы, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері берілген. Нәтижесінде барлық әдістер талданып, ең перспективалылары (ең экологиялық таза және үнемді) анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

<< < 1 2 3 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.