Терпинен-4-ол негiзiндегi аминоспирттерiнiң стереоселективтi синтезi


Қаралымдар: 68 / PDF жүктеулері: 56

Авторлар

  • Е Ташенов
  • Е Сүлеймен
  • Қ Ақатан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-123-2-42-48

Аңдатпа

Терпинен-4-ол 1, монотерпен, шай ағашы мен зiмбiрден оқшауланған эфир майларының негiзгi
компонентi болып табылады және қатерлi iсiкке, қабынуға қарсы, бактерияға және вирусқа қарсы сияқты түрлi
биологиялық белсендiлiктерi бар. Осы мақалада терпинен-4-олдың 1 химиялық түрленуi арқылы дәрiлiк заттарды
анықтаудағы әлеуеттi кандидаттар ретiнде одан әрi қолдынысқа ие бола алатын мақсатпен оның жаңа туындыларының
синтезi баяндалған. Терпиненен-4-олдан 1 алынған аминодиолдардың 3-6 стереоселективтi синтезi жақсы шығым
көрсеткiштерiмен қол жеткiзiлдi. Бұл зерттеуде терпинен-4-олдан 1 туындалған 2-амино-1-гидрокси қосылыстарының
3-6 стереоселективтi синтезi сипатталған. Терпинен-4-олдан 1 аминодиолдараға 3-6 дейiнгi химиялық түрленуi екi
саты рәсiм арқылы орындалды: аллил спиртiнiң 1 стереоселективтi эпоксид реакциясына ұшырауы және одан кейiнгi
региоселективтi оксиран сақинасының бензиламиндермен литий перхлорат катализаторы қатысумен ашылуы. Алынған
өнiмдер ЯМР спектрлерiмен оның iшiнде екi өлшемдi спектрлерiмен сипатталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи