SPIRAEA HYPERICIFOLIA L.-нен майда еритін компоненттерді ГХ-МС анықтау
Қаралымдар: 157 / PDF жүктеулері: 91
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-133-4-44-53Кілт сөздер:
Spiraea hypericifolia L., дихлорметан сығындысы, майда еритін компоненттер, ГХ-МС.Аңдатпа
Spiraea hypericifolia L. – фитохимиялық талдауы әлі зерттелмеген Қазақстанның дәрілік өсімдігі. Осы зерттеуде Spiraea hypericifolia L. дәрілік өсімдігінің жер үсті бөлігінің дихлорметан сығындысының химиялық компоненттері газды хроматография/масс-спектрометрия (ГХ/МС) әдісімен анықталғаны көрсетілді. ГХ-МС әдісі көмегімен Spiraea hypericifolia L дихлорметанды сығындысынан елу жеті қосылыстардың бар екендігін анықталды, негізгі компоненттері 1-тетракозен (18,41%), 9-трикозен, (Z)- (10,55%), н - гексадекан қышқылы (5,72%), ланостан-3-он, 11. бета., 18--эпоксидті шайыр (4,10%), стигмаста-5,22-диен - 3-ол, ацетаты, (3 бета) - (3,57%), тетракозан қышқылының метил эфирі (3,28%). Нәтижелер бойынша Spiraea hypericifolia L. құрамында әртүрлі биологиялық белсенділікке ие биологиялық белсенді қосылыстар бар деп қорытынды жасауға болады. Сондықтан фитофармацевтикалық маңызы бар өсімдік ретінде ұсынылады.