Ұлы жібек жолының қазақстандық бөлігінің мәдени-тарихи мұра нысандарының реестрін құрудың өзектілігі


Қаралымдар: 298 / PDF жүктеулері: 142

Авторлар

  • А. Молдагалиева
  • А. Асылбекова
  • С. Төребек
  • А. Бейсембинова
  • З. Намазбаева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-141-4-42-54

Кілт сөздер:

Ұлы жібек жолы, реестр, мәдени-тарихи нысан, туризм, туристік мұра

Аңдатпа

Орта ғасырлардағы тарихи ірі магистраль болған Ұлы жібек жолы бүгінде заманауи зерттеулердің тақырыбына айналып отыр. Ұлы жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштер ежелгі замандардан бастап, бүгінге дейін Қазақстан жері үшін өз маңызын жоғалтқан емес. Ұлы жібек жолының қазақстандық бөлігінде қоғамның мәдени, рухани және туристік дамуында маңызды рөл атқаратын мәдени-тарихи мұра объектілерінің саны мен алуан түрлілігі бар. Дегенмен, әлі күнге дейін Қазақ жеріндегі Ұлы жібек жолы туралы жүйелі ақпарат жоқ деп есептеуге болады. Мақалада Қазақстан Республикасы аймағындағы Ұлы жібек жолы тарихи магистралі бойындағы мәдени-тарихи нысандар реестрін құру өзектілігі мен қажеттілігі баяндалады. Мәдени-тарихи мұра нысандары еліміздің қазірге дейінгі туристік даму жолындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылып келеді. Ұлы жібек жолының бойындағы ежелгі қалалар мен орындар қазіргі таңда жүйеленген ақпаратты қажет ететін нысандар жиынтығы деп санауға толық негіз бар.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

1 2 3 4 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.