Verbascum orientale L. өсiмдiгiнiң химиялық құрамын гибридтi хроматография әдiсiмен талдау
Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 81
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-129-4-52-58Аңдатпа
Қазiргi таңда дүние жүзiнде дәрiлiк өсiмдiк өнiмдерiне назар аударылуда.
Қазақстан Республикасы табиғи препараттарды өндiруге қажет шикiзат қорына бай мемлекет.
Eлiмiздiң шығыс өңiрiндегi әртүрлi зоналық аймақтар өсiмдiк флорасының алуантүрлiлiгiн
айқындай түседi. Өсiмдiктердiң морфологиялық формасы мен анатомиялық құрылымы
олардың өсу жағдайы мен ортасына байланысты. Бұл факторлар өсiмдiк құрамындағы
минералды заттар мен биологиялық белсендi заттардың (ББЗ) мөлшерi әртүрлi болуына әсер
етедi [1].
Заманауи талдау әдiстерiмен өсiмдiк шикiзаттарының компоненттiк құрамын толық зерттеу
жаңа табиғи дәрiлiк препараттарды ашуға үлкен мүмкiндiк бередi.
Жұмыста алғаш рет Қазақстанның Шығыс өңiрiнен жемiс беру кезеңiнде жиналған Scrophulariaceae (Сабынкөкгүлдiлер) тұқымдасына жататын Verbascum orientale L. (шығыс аюқұлақ)
өсiмдiк түрiнiң гександы сығындысын GC–MS (газды хроматография - масс - спектрометрия)
әдiсiмен зерттеу нәтижелерi берiлген.
Verbascum orientale L. өсiмдiгiнiң шикiзатынан 6 жеке зат идентификацияланды, олар:
миристин, пальмитин, стеарин, пальмитолеин, олеин, линол қышқылдары. Көрсетiлген
нәтижелер бойынша: Verbascum orientale L. өсiмдiгiнiң сандық құрамында жоғары көрсеткiш
көрсеткен: қаныққан май қышқылы: пальмитин (16,32%) және қанықпаған май қышқылдары:
линол (43,61%), олеин (12,87%).