Биоэтанол – бағалы химиялық қосылыстарды алуға арналған шикізат


Қаралымдар: 161 / PDF жүктеулері: 270

Авторлар

  • М Мамбетова
  • K Досумов
  • Г Ергазиева
  • М Тельбаева
  • Б Байжомартов
  • М Зиятхан
  • И Куаныш

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-135-2-14-31

Аңдатпа

Бұл шолуда әр түрлі биомасса көздерінен биоэтанол алу өндірісіне талдау жасалды. Әр түрлі елдерде биоэтанолдың өндірісі туралы соңғы мәліметтер, оның ішінде біздің елде өндірілетін биоэтанолдың маңыздылығы қарастырылды. Биоэтанол өндірісінің негізгі шикізаттары: қант қамысы, қант қызылшасы, бидай, күріш, маниоко, арпа, тәтті құмай, балдырлар биомассасы болып табылады. Биоэтанолды алу процесінде, ең алдымен, шикізаттың табиғатына, оның биохимиялық құрамы мен шикізат құнының айырмашылығына басты назар аударылады. Әлемдегі ең ірі биоэтанол өндірушілері - АҚШ пен Бразилия болып табылады. Бразилияда биоэтанол қант қамысынан өндіріледі,ал АҚШ-та жүгері биоотын өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Біздің елімізде биоэтанол негізінен бидайдан алынады.

Сонымен қатар, бұл шолуда әдеби көздер негізінде биоэтанолды ацетальдегид, 1,1-диэтоксиэтан, бутанол сияқты құнды химиялық қосылыстарға каталитикалық өңдеу әдістері талданды. Биоэтанолдан алынған ацетальдегид басқа химиялық заттарды алу үшін маңызды шикізат көзі болып табылады, мысалы, сірке қышқылы, сірке ангидриді және т.б. 1,1- Диэтоксиэтан мен бутанол еріткіштер ретінде және  жанармайдың октан санын арттыратын қоспа ретінде қолданыла алады. Сонымен қатар, бутанол көптеген органикалық қосылыстардың синтезінде қолданылады, мысалы бутилацетат, бутилакрилат және т.б. Биоэтанолды тек ауылшаруашылық өнімдерінен ғана емес, құрамында қант пен крахмалы бар әртүрлі қалдықтардан да өндіруге болатындығын ескерсек, онда биоэтанолды құндылығы жоғары өнімдерге дейін қайта өңдеу экологиялық жағынан таза әрі экономикалық жағынан тиімді екенін көрсетеді

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)