Павлодар облысының техногендік жүйелері
Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 85
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-134-1-90-97Аңдатпа
Техтогенез - бұл адамның әртүрлі техникалық іс-әрекеттерінің әсерінен қоршаған ортаның өзгеру процесі. Техногенез - жер қыртысының бұл өзгеруі минералды шикізатты өндіру және өңдеу, инженерлік-геологиялық жұмыстар кезінде орын алады. Павлодар облысы – Қазақстандағы технологиялық тұрғыдан өзгерген аудандардың бірі. Сондықтаң бұл ғылыми мақалада Павлодар аймағындағы антропогендік әсердің негізгі көздері көрсетілген. Негізгі екі техногендік жүйенің сипаттамасы келтірілген. Табиғи орта компоненттерінің негізгі химиялық ластаушылары анықталды және заманауи әдістермен шлам жинағыштардың ауданы есептелінді. Жұмыста экологиялық қауіпті аймақтардың кеңістіктік таралуын анықтау немесе ластаушы заттардың концентрациясының таралуын кеңістіктік көрсету сияқты маңызды мәселелерді шешудің перспективалы әдісі сипатталған.