Келісімшарт-оферта
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ (бұдан әрі — Қоғам) журналдарында ғылыми мақалаларды жариялау жария оферта шарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл ұсыныс материалдарды электрондық тіркеу жүйесі арқылы ұсынатын авторларға арналған.
Негізгі ережелер:
-
Шартты жасасу: Автордың Қоғамның ғылыми журналдарының мақалаларды тіркеудің электрондық жүйесіне қолжазбаны ұсынуы оферта шарттарымен толық және сөзсіз келісім (акцепт) болып танылады. Шарт қағаз жүзінде қол қоюды талап етпейді.
-
Құны және төлеу тәртібі:
-
Мақаланы тіркеу және ұсыну кезінде автор мақала құнының 20%-ы (12 000 теңге) көлемінде алдын ала жарна төлейді.
-
Редакция мақаланы қабылдамаған жағдайда, бұл сома қайтарылмайды.
-
Жариялауға қабылданған бір мақаланың толық құны 60 000 (алпыс мың) теңгені құрайды.
-
-
Этикалық міндеттемелер: Автор жұмыстың түпнұсқалығына, «жалған авторлықтың» болмауына және жарияланымдық этика принциптерін сақтауға кепілдік береді.
Барлық заңды шарттар мен реквизиттері көрсетілген құжаттың толық мәтінімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады.






