Тұз қышқылы ерiтiндiсiндегi молибденнiң электрохимиялық қасиетi


Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 66 / PDF жүктеулері: 32

Авторлар

  • А Баешов
  • Ғ Изтлеуов
  • Ш Қошқарбаева
  • А Дайрабаева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-128-3-21-26

Аңдатпа

Кейiнгi кезде әлемде, қиын балқитын металдардың өндiрiс қалдықтары
көптеп түзiлуде. Бұл металл қалдықтарды өңдеп, олардан пайдалы әртүрлi бейорганикалық
қосылыстарды синтездеу өте қиын. Себебi, бұл металдардың балқу температурасы өте
жоғары және қалыпты температурада, қышқылдарда қиын еридi. Сол себептен бұл
металдарды стационарлы емес токпен поляризациялау кезiндегi электрохимиялық қасиетiн
зерттеу үлкен қызығушылықты туғызып отыр. Ұсынылып отырған жұмыста, титан-молибден
электродтар жұбын айнымалы токпен поляризациялаған кездегi, молибден электродының
еру заңдылықтары қарастырылды. Молибден электродының еру процесiне - молибден
және титан электродтарындағы ток тығыздықтарының, электролиз ұзақтығы және қышқыл
концентрациясының, температураның әсерлерi зерттелдi. Молибденнiң тұз қышқылы
ерiтiндiсiнде өндiрiстiк жиiлiктегi айнымалы токпен поляризациялаған кездегi еруiне тоқ
тығыздығының, электролиз ұзақтығының, тұз қышықылы ерiтiндiсiнiң концентрациясының
әсерi жан-жақты зерттелiп, еруiнiң оптимальды параметрлерi анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи