Қиын балқитын қалдықтарды титан-графит жүйесiнде ерiту


Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 68

Авторлар

  • А Баешов
  • Ғ Изтлеуов
  • А Абдуова
  • Ш Қошқарбаева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-128-3-16-20

Аңдатпа

Титан сияқты қиын еритiн металдар анодты поляризациялағанда пассивтi
жағдайда өтедi, немесе кейбiреулерi анодтық потенциалы артқан кезде, металл-ион
түрiнде ерiтiндiге бiрден өтпей, беттiк пленкалар түзедi. Бұл металдардың мұндай
қасиетi олардың электрондық құрылымына, атомдардың сыртқы қабаттық құрылымына
байланысты. Бұған дейiн жүргiзiлген зерттеу жұмыстарымызда титан-титан жүйесiндегi
титанның қалдықтарының қышқылды ортада еруi зерттелдi. Бұл кезде титанның
қосылыстарын алудың жаңа тиiмдi әдiстерi ұсынылды. Титанның қосылыстары
химия, қара, түстi, жеңiл өнеркәсiптерiнде және өндiрiстерде бояу түзушi компонент,
сорбент, катализатор, тотықсыздандырғыш ретiнде қолданылады Титан – графит
жүйесiндегi титанның күкiрт қышқылы ерiтiндiсiндегi өндiрiстiк жиiлiктегi айнымалы
токпен поляризациялаған кездегi еруiне тоқ тығыздығының, электролиз ұзақтығының, тұз
қышқылы ерiтiндiсiнiң концентрациясының әсерi жан-жақты зерттелiп, еруiнiң оптимальды
параметрлерi анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи