Мыс (I) иодидiн алудың жаңа әдiсiн жасау


Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 93

Авторлар

  • А Баешова
  • Ф Жұмабай
  • А Абукасова
  • А Баешов

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-126-1-8-15

Аңдатпа

Мыс (II) иондарын титан (III) сульфатымен тотықсыздандыру кезiнде
түзiлген активтi атомарлы мыстың иодпен әрекеттесуi негiзiнде мыс (I) иодидiн алудың
жаңа әдiсi ұсынылған. Алдын-ала металл күйiндегi титанды электрохимиялық жолмен
айнымалы ток әсерiмен ерiтiп, үш валенттi титанның сульфаты алынған. Осы қосылысты
тотықсыздандырғыш ретiнде пайдаланғанда, мыс сульфаты ерiтiндiсiнен активтi элементтi
мыс атомарлы күйде түзiлетiнi көрсетiлген. Процестiң жүру барысында ерiтiндiнiң түссiзденуi
байқалған, себебi мыс (II) иондары түссiз атомарлы күйге дейiн тотықсызданған, ал күлгiн
түстегi титан (III) иондары түссiз төрт валенттi күйдегi түрiне дейiн тотыққан. Осыдан кейiн
түзiлген мыспен иод ерiтiндiсiнiң әрекеттесу реакциясы жүргiзiлген және мыс (I) иодидiнiң
түзiлуi байқалған. Рентгенофлюоресценттiк, рентгенофазалық, химиялық әдiстермен түзiлген
қосылыстың мыс (I) иодидi екенi анықталған. Жасалған әдiстi мыс (I) иодидiн алудың басқа
әдiстерiмен салыстыру жүргiзiлген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи