Нұра өзені алабының ландшафтық-геохимиялық жағдайына антропогендік факторлардың әсерін талдау


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-149-4-110-122

Кілт сөздер:

антропогендік ландшафттар, қоршаған ортаның деградациясы, ландшафт, ластану, қоршаған орта

Аңдатпа

Мақалада антропогендік ландшафттардың қалыптасуын әртүрлі факторлардың, соның ішінде ластаушы заттар, радиоактивті заттар, сәулелену, шу және табиғи ресурстарды өндірудің әсерімен байланыстырып қарастырады. Табиғи ландшафттардың антропогендік ландшафттарға айналуы ғаламдық құбылысқа айналып, тау-кен өнеркәсібі, химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларындағы ғылыми-техникалық прогрестің арқасында жаңа сипатқа ие болуда. Зерттеу үшін негізгі аумақ ретінде Нұра өзенінің алабы таңдалды, мұнда Qarmet металлургиялық кешені орналасқан. Бұл кәсіпорын Қазақстандағы ең ірі тау-кен металлургиялық нысаны және полимерлі жабындысы бар металлдар мен өнеркәсіпке арналған шикізаттың кең ауқымын өндіреді.

Нұра өзенінің алабында өнеркәсіптік қызметтің геоэкологиялық әсерін бағалау мақсатында геохимиялық талдау жүргізілді. Су мен топырақ үлгілері жүйелі тәсілмен алынып, ластаушы заттардың мөлшері аккредиттелген зертханалардың сертификатталған әдістерімен анықталды. Алынған тәжірибелік деректер статистикалық әдістерді қолдану арқылы өңделіп, заңдылықтар анықталды.

Зерттеу барысында Нұра өзенінің алабы едәуір ластанғаны анықталды, бұл негізінен ауыр металдар мен басқа да ластаушы заттардан тұратын өнеркәсіптік қалдықтардың қалдықтарымен байланысты. Ластаушы заттардың жоғары концентрациясы «Qarmet» металлургиялық кәсіпорны және басқа да өнеркәсіптік нысандардың қызметімен байланысты екені анықталды. Табиғи ландшафттардың антропогендікке айналуы бұл процестердің қарқындылығымен тығыз байланысты екені анықталды.

Зерттеу нәтижелері Нұра өзені алабы ландшафттарының геохимиялық құрамына өнеркәсіптік процестердің елеулі әсер ететінін көрсетті. Алынған мәліметтер антропогендік әсерлерді азайту және аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік процестер мен қалдықтарды тазарту жүйелерін жаңғырту арқылы экологиялық басқаруды жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

1 2 3 4 5 6 7 8 9 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.