Сарыарқаның гидрографиялық атаулары мен терминдері


Қаралымдар: 132 / PDF жүктеулері: 32

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-148-3-93-110

Кілт сөздер:

гидроним жүйесі, табиғи орта, микрогидронимдер, зерттеу әдістері, потамонимдер, табиғи су объектілері, жасанды су объектілері

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Сарыарқада кездесетін гидронимдер жүйесін жан-жақты қарастыру. Мақалада табиғи жағдайлар мен ландшафт ерекшеліктері туралы бай ақпарат беретін гидронимдердің мағынасы егжей-тегжейлі сипатталған. Гидронимдік атаулардың зерттеу материалдары мен әдістері қарастырылды. Сарыарқаның гидронимдер жүйесін зерттеген ғалымдар және олардың еңбектері туралы айтылды. Сарыарқа су объектілерінің атауларын айқындау терең зерттеуді қажет ететін өзекті міндет болып табылады. Гидронимдердің қалыптасуы, олардың орналасуы, номинациясы туралы әртүрлі географиялық ақпарат алуға болады. Осы мақалада Сарыарқаның гидронимдік атауға ие болған топонимдік атаулардың шығу тегін анықтап, оларды топтарға бөлдік. Табиғи жағдайлар мен ландшафт ерекшеліктерін сипаттайтын потамонимдер жүйесінің классификациясы кесте түрінде ұсынылды. Осы жұмысты зерттеу барысында су объектілерінің физикалық-географиялық ерекшеліктері анықталды: қасиеттері, сапасы, түсі, ағымы, орналасуы, арнасы, шығу тегі, жағалауы, пішіні, тереңдігі, сондай-ақ олардың шаруашылық жүргізудегі рөлі (антропогендік қызмет). Сарыарқада өсімдіктер мен жануарлардың атаулары, адамның, тайпалардың және ұрпақтардың атаулары негізінде қалыптасқан гидронимдер кең таралған. Зерттеу барысында гидронимдік атаулар мен терминдер жүйесі топтастырылды, нақты деректер негізінде Сарыарқа микрогидронимдерінің картасы жасалды. Сарыарқа су объектілерінің 3000-ға жуық атауы топтастырылды (1: 500 000 масштабтағы топокарта негізінде), олардың этимологиясы анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

<< < 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.