Фосфогипс және Қаратау фосфоритін механохимиялық активтеу арқылы тыңайтқыштық қасиеті бар өнім алу
Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 23
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-148-3-38-53Кілт сөздер:
фосфогипс, фосфорит, қышқылдық тұздар, механохимиялық өңдеу, тыңайтқыш, планетарлы диірменАңдатпа
Қаратау бассейнінің фосфат кен орындарын ұзақ уақыт пайдалану Р2О5 құрамындағы бай кендердің қорларының сарқылуына алып келді. Сондықтан фосфориттердің құрамын реагенттер қатысында байыту әдістерін қолданып қажетті материалдар алу өзекті мәселе болып табылады. Жұмыстың мақсаты - фосфогипс пен Қаратау фосфориті қоспасын қышқылдық тұз негізінде механохимиялық активтендіру көмегімен тыңайтқыштық қасиеті бар өнім алу. Фосфат шикізатын механикалық белсендіріп қажетті өнім алудың ғылыми және практикалық маңызы зор. Сондықтан фосфогипс пен Қаратау фосфориті және қышқылдық тұз (Na2SO4) қатысында механохимиялық активтеу арқылы тыңайтқыштық қасиеті бар өнімдер алу кезіндегі өзгеру заңдылықтарын зерттеудің маңызы зор өзекті мәселе болып табылады. Фосфогипс пен Қаратау фосфориті қоспасы қышқылдық тұзбен әртүрлі шарлар өлшемдерімен және шар мен қоспаның (фосфогипсҚаратау фосфориті-қышқылдық тұз) 10:1 массалық қатынастарында түрлендірілді. Қышқылдық тұз (NaHSO4) және Қаратау фосфориті қатысында модификацияланған фосфогипстің фазалық құрамын анықтау және алынған өнімді идентификациялау үшін физика-химиялық, химиялық, талдау әдістері, сканерлеуші электронды микроскоп (СЭМ), энергодисперсті анализ (ЭДС) қолданылды. Фосфогипс-Қаратау фосфориті-NaHSO4 (3:6:1) жүйесінен механохимиялық активтеу (МХА) арқылы алынған тыңайтқыштық қасиеті бар өнім алуда планетарлы диірменде 20 минут өңдеу оңтайлы жағдай екені анықталды: P2O5 жалпы=55%, P2O5 лим.қышқ., =44%, P2O5цит.ер.,=82%. Рентгенфазалық талдау бойынша реакция өнімі ретінде кремний диоксиді, натрий-кальций гидроксофосфатты карбонат, екі молекулалы суы бар кальций гидрофосфаты және үш молекулалы суы бар натрий-кальций сульфаты және екі молекулалы суы бар кальций гидрофосфат (CaPO3(OH)·2H2O) тыңайтқышы түзілгені көрсетілді. Энергия-дисперсиялық спектроскопиялық талдау нәтижесінде элементтік фосфордың мөлшері 4,97%, оттегінің мөлшері 46,87% екені анықталды. Яғни, қоршаған ортада алынған өнім біршама өзгерістерге ұшырайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Бейқұт Балғышева, Гүлсая Боранбаева, Гульжан Баймаханова, Саяжан Ерубай, Ақтоты Манатбек, Ақторғын Сәуір
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.