Астана қаласы халқының экологиялық сауаттылығы
Қаралымдар: 159 / PDF жүктеулері: 53
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-146-1-85-95Кілт сөздер:
сауалнама, экологиялық білім, экологиялық тәрбие, тұрмыстық қалдықтар, қоршаған орта.Аңдатпа
Жұмыста Астана қаласындағы түрлі әлеуметтік топтар арасында экологиялық мәдениет пен дүниетаным деңгейі зерттелді. Жоғары оқу орындарының білім алушылары мен оқытушылары, мектеп оқушылары, Астана қаласы, Астана қаласы бойынша экология департаментінің мамандары, табиғат пайдаланушы кәсіпорындар, сондай-ақ елорда еріктілері мен азаматтары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Мақалада экологиялық сауаттылық деңгейіне әсер ететін факторлар, сондай-ақ халықтың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жауапкершілігі қарастырылады. Онлайн сауалнама қала халқының экологиялық мәдениетінің салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деңгейін анықтады, бірақ қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу секторында халықтың экологиялық мінез-құлқының жеткіліксіздігі бар. Жас және салалық санаттар бойынша сауалнама нәтижелерін талдау, сондай-ақ елорда мамандары мен азаматтарының алған ұсыныстары жалпы экологиялық білім мен мәдениетті арттыру бойынша білім беру бағдарламалары мен тәрбие іс-шараларын түзетуге мүмкіндік береді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Н. Мамытова, А. Тұраққазы, Э. Салибаева
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.