Қызылорда облысының жер ресурстарын пайдалануды геоақпараттық қамтамасыз ету, талдау, бағалау және болжам жасау
Қаралымдар: 437 / PDF жүктеулері: 135
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2023-144-3-105-118Кілт сөздер:
картографиялау, ауылшаруашылық, зерттеу әдісі, ландшафттар, ауылшаруашылық ландшафттары, ГАЖАңдатпа
Қазіргі уақытта әлемнің дамыған, өркениетті елдерінің барлығында дерлік ауылшаруашылық қызметі ландшафттарға бейімделген ауыл шаруашылығы жүйесін (ASR) жобалау негізінде жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік ғылымның бұл саласын жан-жақты негіздеу және оның Қазақстанда қалыптасу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін анықтау үшін жоғары сенімділікпен нақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан ұсынылып отырған жұмыста Қызылорда облысының ауылшаруашылық ландшафттары таңдалып, географиялық ғылымдар тұрғысынан зерттеліп, сарапталып, қазіргі заманғы географиялық ақпараттық жүйені бейімді пайдаланудың оңтайлы жолдарын іздеуге бағытталды. Сондықтан ұсынылып отырған жұмыста Қызылорда облысының ауылшаруашылық ландшафттары таңдалып, географиялық ғылымдар тұрғысынан зерттеліп, сарапталып, қазіргі заманғы географиялық ақпараттық жүйені бейімді пайдаланудың оңтайлы жолдарын іздеуге бағытталды. Қызылорда облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік аймақ. Облыс өзінің ауыл шаруашылығымен ерекшеленеді. Өңірде егін шаруашылығы ерте заманнан дамыған. Сонымен қатар, шаруалар жыл сайын сорт ауыстырып, дақылдарды әртараптандыру бойынша қарқынды жұмыс істейді.
Карта жасау барысында Қызылорда облысының әкімдігінен негізгі мәліметтерді жинаймыз, картаны құрастыру үшін деректерді ArcGIS бағдарламасына енгіземіз. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, біз алдын ала жобалау жұмыстары арқылы еліміздің негізгі мәселелерін шеше аламыз.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 С. Касымгалиев, P. Келинбаева, М. Султанов, H. Жунусбекова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.