Жамбыл облысының микрогидронимдерін зерттеудегі жасанды және табиғи су көздері атауларының көрінісі


Қаралымдар: 143 / PDF жүктеулері: 185

Авторлар

  • К. Сапаров Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж. Шахантаева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. Егинбаева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2023-143-2-79-89

Аңдатпа

 Жамбыл облысы аумағында табиғи және жасанды су көздерінің көптеп кездеседі. Себебі, таулы өңірде орналасқан аумақта су ресурстарының қоры мол өзен-көл, бұлақ, құдық атауларының жиі кездесетіні белгілі және гидрологиялық нысандардың сипаты нақты бейнеленген. Табиғи су көздерін сипаттайтын географиялық атауларды анықтайтын терминдерде экологиялық-географиялық негіз бар деуге болады. Табиғи су көздері шаруашылықта маңызды рөл атқарған және тарихтан мол географиялық ақпараттар береді. Адамдардың алғашқы қоныстары су нысандары маңында болғандығын қазіргі кездегі тарихи-археологиялық деректерден байқаймыз. Мақалада Жамбыл облысының микрогидрогимдерін зерттеудегі жасанды және табиғи су көздері атауларының көрінісі, қалыптасуы мен ерекшеліктері нақты деректер арқылы талданған. Су нысандары атауларына (гидронимдер) гидрографиялық терминдер негіз болады. Гидронимдер құрамында кездесетін терминдер арқылы су нысандарының түрін, сипатын және т.б. географиялық ерекшеліктерін анықтауға болады. Жамбыл облысының микрогидронимдерін зерттеуде топонимикалық талдау, геоақпараттық әдістері саралауда және қорытынды алуда қолданылды.

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-15

Журналдың саны

Бөлім

Статьи