Қарқаралы аласа тауларының ландшафт түзуші факторлары


Қаралымдар: 359 / PDF жүктеулері: 121

Авторлар

  • Е. Кеукенов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • К. Джаналеева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г. Барышников Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • К. Оразымбетова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2023-142-1-83-94

Кілт сөздер:

орман ландшафттары, фитоалуантүрлілік, экожүйе, химиялық талдау, биоалуантүрлілік

Аңдатпа

Қарқаралы аласа таулары геожүйелерінің аумағы негізінен орман ландшафттарын және жер жамылғысының күңгірт-күрең топырақ түрін қамтиды. Еңбекте Қарағанды облысының Қарқаралы аласа тауларының орманды ландшафттарының топырақ және өсімдік жамылғысының жай-күйі көрсетілген. Мақалада топырақтың химиялық талдауының нәтижелері берілген, NDVI (Normalized Difference Vegetation Index – бұдан әрі мәтін бойынша ВИ) стандартты сандық индексі негізінде геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өсімдік жамылғысы үлгілерінің           2020 жылғы жазғы кезеңде далалық зерттеулерде расталған сипаттамасы келтірілген. Жүргізіліп жатқан жұмыстар геожүйелер компоненттерінің физикалық-химиялық және биологиялық сипаттамаларын кешенді бағалауға бағытталған.

Далалық зерттеулер барысында негізгі учаскелердің геоморфологиялық құрамдарын көрсету арқылы фитоалуантүрлілік бойынша қысқаша сипаттама жасалды. Өсімдіктерді зерттеу үшін төсеме топырақ-өсімдік жамылғысының сынақ алаңдары салынды. Зерттеу объектісінің шолу және тақырыптық карталары жасалды. Зерттеудің соңғы сатысында геоэкожүйелердің жай-күйі мен ауытқуларының себеп-салдарлық байланыстарын анықтай отырып, нәтижелерді түсіндіру ұсынылған. Деректер көздері Landsat-8 (АҚШ Геологиялық қызметі) ғарыштық суреттері, маршруттар мен 4 негізгі учаске жөніндегі далалық зерттеулер болып табылады. Жұмыстардың нәтижелері зерделенетін зерттеу объектісінің сипаттамасын беруге, негізгі учаскелердегі айрықша қасиеттерді, сондай-ақ зерттеліп отырған геожүйелер аумағы айырмашылығының ықтимал себептерін айқындауға мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.