Суды екінші рет пайдалану үшін эксперименттік зертханалық қондырғыда ағынды суларды тазартудың физика-химиялық көрсеткіштерін талдау
Қаралымдар: 269 / PDF жүктеулері: 101
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-133-4-54-63Кілт сөздер:
электрохимиялық және фотохимиялық тазалау, ластаушы заттар, химиялық талдау, электролиз, азот.Аңдатпа
Бұл мақалада құс фабрикасының ағынды суларын қайта өңдеуге арналған эксперименттік зертханалық қондырғыда негізгі физика-химиялық көрсеткіштерін орнату арқылы тазалаудың тиімділігін бағалау қарастырылған. Сою өндірісінің әртүрлі бағыттарындағы ағынды суларды физика-химиялық көрсеткіштері бойынша талдау әртүрлі тазарту әдістерін қамтитын зертханалық қондырғы суды өндірісте қайта пайдалану үшін тиімді тазартатынын анықтады. Бұл қондырғыда тізбекті процестер: электрокоагуляциялық әсер ету және ультракүлгін зарарсыздандыру нәтижесінде ағынды сулар жоғары дәрежеде тазаланады. Электролиз 0,6-1,5 А аралығындағы тұрақты электр тогында 6 В кернеумен 10 және 5 мин аралығында жүргізілді, электрод ретінде алюминий және титан пластиналары қолданылды. Алынған нәтижелер азот қосылыстарының құрамы тазартуға дейін 0,119-36,2 мг/дм3 және тазартудан кейін 0,019-5,3 мг/дм3 құрағанын, фосфор 5,79 мг/дм3-ден 0,11 мг/дм3-ге дейін, сондай-ақ хлор көрсеткіштері 0,45 мг/дм3-ден 0,01 мг/дм3-ге дейін өзгергенін көрсетті.