Кверцетин тетра-тозил туындысының кристалдық құрылымы және биологиялық белсендiлiгi
Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 69
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-123-2-27-32Аңдатпа
Адам ағзасына пайдалы әсерлерi мен құнды биологиялық белсендiлiктерге ие болған, флавоноидтар
атты табиғи қосылыстар тобына жататын кверцетин қазiргi таңда зерттеу жағынан үлкен қызығушылыққа ие. Жаңа
бағалы биологиялық белсендiлiктерiне ие бола алатын кверцетиннiң туындыларын алу мақсатымен 5-гидрокси-3,3’,4’,7-
тетратозил флавоны бастапқы қосылыс пен 4-толуолсульфонилхлорид (TsCl) арасындағы этерификация реакциясы
арқылы синтезделдi. Алынған молекуланың химиялық құрылымы рентген құрылымдық талдау арқылы анықталды.
Алынған туындының 1 H және 13 C NMR спектрлерi 2D ЯМР спектроскопиясын қолдану арқылы түсiндiрiлдi.
Жаңа синтезделген қосылыс цитотоксикалық және антирадкалдық белсендiлiктерге тексерiлдi, ал басқа мүмкiн
фармакологиялық қасиеттерi PASS бағдарламалық жасақтама арқылы болжамдалды.