Alhagi Pseudalhag i (M.Bieb.) Desv. Ex B. Keller & Shap әртүрлі мүшелерінің май қышқылды құрамы


Қаралымдар: 326 / PDF жүктеулері: 89

Авторлар

  • A. Кокораева
  • Г. Байсалова
  • M. Әзімбай
  • Ж. Ажиханова
  • Ғ. Мендалиев
  • Ж. Тухметова
  • Б. Торсыкбаева
  • A. Атимтайқызы
  • Р. Абдіқалықов
  • Н. Ізтілеу

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-141-4-34-41

Кілт сөздер:

қаныққан, полиқанықпаған май қышқылдары, газ хроматографиясы,

Аңдатпа

Газ хроматография әдісінің көмегімен A. pseudalhagi-дің тамырындағы, сабағындағы және жапырақтарындағы май қышқылдарының құрамы анықталды. A. pseudalhagi-дің түрлі мүшелеріндегі май қышқылдарының құрамы әр түрлі болды. Әрбір өсімдік мүшесі үшін қанықпаған май қышқылдарының пайызы сәйкесінше 47,78%, 48,17% және 44,12% құрады. Жапырақтары мен сабақтарында пальмитин қышқылы басымдықта болды. Пальмитин қышқылының әртүрлі мүшелердегі мөлшері 19,25%-дан 19,69%-ға дейін өзгерді. Көп мөлшерде жапырақтарында γ-линолен қышқылы және тамырларында лигноцерин, олеин қышқылдары кездескен. Сонымен қатар, ω-6 және ω-3 полиқанықпаған май қышқылдары, соның ішінде цис-линол, α-линолен және эйкозапентаен қышқылдары да табылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

1 2 3 4 5 6 7 8 9 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.