Полимермен иммобилизацияланған күміс пен никель нанобөлшектерінің синтезі және қасиеттерін зерттеу
Қаралымдар: 247 / PDF жүктеулері: 114
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2022-141-4-7-18Кілт сөздер:
полиэтиленгликольмалеинат, полипропиленгликольмалеинат, металл-полимерлі нанокомпозит, микробқа қарсы белсенділік, Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, Staphylococcus aureusАңдатпа
Мақалада п-ЭГМ:АК/Ag, п-ЭГМ:АК/Ni, п-ЭГМ:АК/Аg-Ni, п-ПГМ:АК/Ag, п-ПГМ:АК/Ni, п-ПГМ:АК/Аg-Ni металл-полимер кешендерінің синтезі мен микроскопиялық, спектроскопиялық және термогравиметриялық әдістерді қолдана отырып құрылымын зерттеу нәтижелері берілген. Алынған нанокомпозиттердің құрамында пішіні негізінен сфералық, диаметрі 60 ± 10 нм оқшауланған Ag0 металл нанобөлшектері және Ni0, өлшемі 70 ± 10 нм, пішіні текше, олар полимер матрицасында біркелкі таралған, полимер матрицасының бетінде 200 нм-лік агломераттар бар. Синтезделген нанокомпозиттер ~900ºС дейін термиялық тұрақтылыққа ие. п-ПГМ/AК-Ag металл-полимер кешенінің микробқа қарсы белсенділігі зерттеліп, нәтижесінде Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, Staphylococcus aureus стандартты штаммдарына қарсы жоғары тиімділікті көрсетті.