Сульфидтің ZnIn кешенді қосылыстарының микроқұрылымдарын зерттеу
Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 118
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-132-3-61-72Аңдатпа
Қазіргі уақытта сульфидтерді синтездеуге негізделген жаңа бейорганикалық материалдарды өндіру негізгі және өте перспективті бағыт болып табылады. Бұл қоғамның жоғары сезімтал, тез
әсер ететін, сонымен қатар ғылым мен техниканың әр түрлі салалары үшін экономикалық тартымды материалдарға айқын қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай материалдар қатарына әр түрлі практикалық
қолданыс тапқан ZnIn сульфиді жатады.
Бұл жұмыста сульфидті материалды синтездеу әдістері сипатталған. Жасалынан әдістермен аталған
сульфидті синтездеу жүзеге асырылды. Алынған материалға Quantax 70 энергия дисперсиялық спектрометрінде талдау жүргізілді, бұл рентгендік картаға, сызық бойынша элементтік талдауға және нүктеде
көп элементті талдауға мүмкіндік береді. Бұл материалдың микроқұрылымының ерекшеліктері, оның
құрылымдық элементтерінің бетінің табиғаты анықталды.
Алынған нәтижелер сульфидтердің күрделі қосылыстардың көптеген физико-химиялық қасиеттерін
болжауға және олардың әр түрлі әсер ету кезінде өзгеруін бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай материалдың микроқұрылымдық ерекшеліктерін білу, сондай-ақ оның қасиеттеріне әсер ететін күрделі процестерді түсіну - күрделі сульфидтерге негізделген жаңа материалдар жасаудың таптырмас шарты болып
табылады.