Анықталмағыштық металлургиялық өнiмдердi аналитикалық бақылауда сапаны арттырушы құрал ретiнде


Қаралымдар: 112 / PDF жүктеулері: 70

Авторлар

  • Р Аубакирова
  • Е Иващенко
  • Б Саурбаева
  • Г Даумова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2020-130-1-11-17

Аңдатпа

Кендi өндiруден бастап дайын өнiмдi шығаруға дейiнгi барлық технологиялық үрдiстiң әрбiр
сатысы аналитикалық бақылауымен тығыз байланысты. Қазiргi уақытта ӨМК "Қазмырыш" ЖШС жататын iрi
металлургиялық кәсiпорындардың сараптау зертханаларында физика-химиялық немесе аспаптық әдiстер кеңiнен
қолданылады. Жылдам орындалуына, жоғары нәтиже көрсетуiне және бiр мезгiлде бiрнеше компоненттердi анықтау
мүмкiндiгiне байланысты бұл әдiстер химиялық әдiстердi ығыстырды. Мақалада ӨМК "Қазмырыш" ЖШС –
металлургиялық өндiрiсiнiң калдық-үйiндi қожын индуктивтi-байланысқан плазма атом эмиссиясы әдiсiмен" талдаудың
тәжiрибелiк деректерi келтiрiледi. Атомдық спектральды талдау тау-кен өнеркәсiбiнде, геологияда, металлургия, металл
өңдеу және химия өнеркәсiбiнде және т.б. қолданылады. Талдау нәтижелерi анықталмағыштық тұжырымдамасы
тұрғысынан өңделдi,бұл талдау аналитикалық зертхана тәжiрибесiнде өте өзектi болып табылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи