Топырақты биологизациялау тәсiлдерi және олардың тиiмдiлiгi
Қаралымдар: 143 / PDF жүктеулері: 497
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-129-4-100-106Аңдатпа
ҚалыптасҚан әәлеуметтiк-экономикалық жағдайда топырақ құнарлылығын және дақылдардың түсiмдiлiгiн
арттырудың жалпы жұрт таныған тәсiлi егiн шаруашылығының биологиялық негiзге ауысуы болып табылады, ол
үшiн қазiргi бар тәсiлдердi қайта қарастырып және органикалық тыұайтқыштарды, сидераттарды, симбиотикалық
азотофиксацияны, көпжылдық шөптердi кеңiнен қолдану қағидаттарына негiзделген егiн шаруашылығының жүйесiндегi
жаңа бағытты сауатты негiздеу қажет. Қазiргi биологизациялау құралдарына баға бере отырып, әрқайсысына жеке
тоқтай отырып, топырақтың құнарлылығын арттыру мәселесiн шешудегi басты бағыт және егiн шаруашылығындағы
биологизациялаудың негiзгi құралы болып көпжылдық шөптердiң егiсi екенi мақалада көрсетiлген. Ұсынылған
материалдарға сәйкес мақалада көпжылдық шөптердiң қабаттарын пайдалану және өңдеудiң әртүрлi технологиялық
тәсiлдерiнiң әсерiнен топарықтың құрамындағы гумус мөлшерiнiң динамикасы көрсетiлген. Дәндi дақылдарға арналған
шөп қабаттарын өңдеудiң дәстүрлi, ең аз және нөлдiк технологияларын салыстырмалы бақалау жыл сайынғы жыртуды
қолданудың төрт жылы iшiнде топырақтың 0-30 см қабатындағы гумус мөлшерiнiң шөптер егiлуiне дейiн оның
құрамының бастапқы деңгейiне қайта оралғанын көрсеттi. Шөп қабаттарын өңдеудiң ең аз және нөлдiк технологиясына
көшу және оларды кейiннен дәндi дақылдарға қолдану ауыл шаруашылығының өндiрiсi үрдiсiнде гумустың азаюын
айтарлықтай төмендетуге мүмкiндiк бердi. Топырақтың 0-30 см тығыз қабаты қуыстылықтың төмендеуiн, демек,
аэрацияның белсендi аймағын қамтамасыз етедi. Нәтижесiнде мұнда дақылдарды сақтау және пайдалану үшiн қолайлы
жағдайлар қалыптасады.