Құрамында фенол бар өндiрiстiк ағынды суларды ортаның қышқылдығына байланысты қатты экстрагенттермен тазарту


Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 63

Авторлар

  • Ж Каирнасова
  • Н Нурмуханбетова
  • Д Казьяхметова
  • З Тлеуова
  • Д Сулейменова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-129-4-25-31

Аңдатпа

Ашық сулардың өндiрiстiк ағынды сулармен ластану мәселесi соңғы екi жүз жыл iшiнде өзектi
болып келедi. Мұнай өндiру, химиялық-фармацевтикалық және кокс-химиялық өндiрiстiң ағынды суларымен
ластану аса қауiптi болып табылады. Бұл өндiрiстер ашық табиғи суларға сөткесiне 4-10 г фенол шығарады.
Алдыңғы зерттеу жұмыстарында бiз фенол, су және сiрке қышқылдың эфирлерiнен тұратын үшкомпоненттi
жүйелерде фенолдың таралу заңдылықтарын зерттедiк. Үшбутилфосфат (ТБФ), әртүрлi радикалды фосфиноксид
(ФОР), диизооктилметилфосфонат (ДИОМФ) қатты экстрагенттерiмен (ТВЭКС) ағынды сулар құрамынан фенолды
экстракциялық бөлiп алу үрдiстiң оптималды жағдайларын анықтау бойынша зерттеулер жүргiзiлдi. Осы мақалада
ағынды сулардың құрамынан қатты экстрагенттер арқылы фенолды бөлiп алу үрдiсiн ортаның қышқылдығына
байланысты зерттедiк. Мақалада термостатты жағдайында фенолдың органикалық ерiткiштермен экстракциялау
бойынша эксперименталды жұмыстардың нәтижелерi келтiрiлген. Орта қышқылдығы рН = 1-7 болған жағдайда
фенолдың тиiмдi бөлiнуi жүретiнi анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи