Бентонит сазы және полиэтиленгликоль негiзiндегi композициялық материалдың сорбциялық және каталитикалық қасиеттерi
Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 118
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-128-3-82-93Аңдатпа
Бентонит сазы (БС) жұмыс барысында полиэтиленгликольмен модификацияланып және осы алынған
композиттiң сорбциялық сипаттамалары зерттелдi. Модификацияланған БС-дың сулы ерiтiндiлерiнен Cu2+
иондарын шығару дәрежесi ( 98, 96 ± 0, 57 )% құрады. Сондай-ақ, сулы ортадағы сары фосфор (P4) мен натрий
гипофосфитiнiң ( NaH2P O2 · H2O ) тотықтырғыш гидроксилденуi кезiнде Cu2+ иондарының сорбциясы процесiнде
пайдаланылған бентонит сазынан және полиэтиленгликольден негiзделген композициялық материалдың (БС-ПЭГCu2+ ) каталитикалық қасиеттерi зерттелдi. Бұл процесс жұмсақ жағдайларда жүргiзiлдi: t = 60◦ C; P(O2) = 1 атм.
P4 және NaH2P O2 · H2O тотықтырғыш гидроксилдеудiң соңғы өнiмi ретiнде фосфор қышқылы қызмет етедi, оның
шығымдылығы спектрофотометриялық әдiспен анықталды және (1,05-3,74)% iшiнде өзгередi. Алынған мәлiметтерге
сәйкес, катализатордың саны ұлғайған кезде және сары фосфор көлемiнiң өсуiмен фосфор қышқылының шығымы
артады.