Бейорганикалық циклофосфатты композициялардың ингибирлеу қабiлетiн зерттеу


Қаралымдар: 93 / PDF жүктеулері: 57

Авторлар

  • А Ниязбекова
  • Т Шакиров

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-128-3-76-81

Аңдатпа

Мақалада қоршаған ортаға, табиғатына және циклофосфаттың концентрациясына, модификатор ионының
табиғатына байланысты ст-3 болатына қатысты бейорганикалық ортофосфатты композициялардың коррозияға қарсы
қасиеттерi қарастырылған. Зерттеулер мемлекеттiк стандарт әдiстемелер бойынша жүргiзiлдi. Зерттеу әдiстерi:
гравиметрия, потенциометрия, фотоколориметрия, ИҚС және РЭМ. Эксперименталды деректер негiзiнде коррозиялық
процестiң сандық көрсеткiштерi анықталды: коррозиялық процестiң жылдамдығы, қорғаныс дәрежесi, тереңдiк
көрсеткiш, тежеу коэффициентi және болатқа қатысты коррозиялық төзiмдiлiктiң балдық шкаласы бойынша түзiлетiн
пленканың тұрақтылығын бағалауы жүргiзiлдi. Эксперименталды деректердi талдау жоғарыда аталған факторлардың
зерттелетiн жүйелерде коррозиялық процестердiң өтуiне әсерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Эксперименталды деректер
коррозиялық процесс параметрлерiнiң термодинамикалық есептерiмен толықтырылған, олардың нәтижелерi зерттелетiн
процестiң кинетикалық деректерiмен жақсы түзетiледi. Зерттеу жұмысы барысында коррозиялық шөгiндiлерге талдау
жүргiзiлдi. Жұмыс барысында белгiленген заңдылықтар тиiмдi циклофосфатты қорғау дәрежелерi бар тежегiштердi
құруға ықпал етедi.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-11-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи