Бициклды бисмочевиналар эфирiн синтездеу және идентификациялау
Қаралымдар: 179 / PDF жүктеулері: 79
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-128-3-70-75Аңдатпа
Органикалық химияны дамытудың заманауи тенденциялары гетероциклды қосылыстар нәтижесiнде пайда
болатын өнiмдердi тереңдетiп және түбегейлi зерттеуге жағдай жасайтын синтездеу мен зерттеулердiң жаңа әдiстерiн
iздестiрудi ойластырады. Бициклды бисмочевиналар (гликолурил негiздi) жоғары реакциялық қабiлеттiлiгiмен және
тәжiрибеде кеңiнен қолданылуымен ерекшеленедi. Мақалада тетраметилолгликолурила гликолурил негiзiнен алынған
эфирлер - тетраметилолгликолурилдi синтездеу әдiстерiне талдау жасалған. Олар гликолурил-формальдегидтi шайырды
өндiруде дәнекерлеушi агент ретiнде қолданылады, сондай-ақ су негiздi бояғыштардың тұрақтандырушысы болып
табылады. Жинақталған әдiстемелер эфирлердiң үйлесiмдi шығуына, сонымен қатар реакцияларда бiр құрылысты ғана
емес, құрылысы тармақталған спирттердi де қолдануға мүмкiндiк бередi. Алынған қосылыстардың қасиеттерi ИК- және
Н1, С13 ЯМР спектроскопия әдiстерiмен зерттелген.