Мақала қарастыру тәртібі

  1. Автор жіберген мақала журнал редакциясына түседі (қолжазбаның екі нұсқасы, оның бірінде авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы мәліметтер болмауы керек). Ғылыми басылымдар және ғылыми метрикалық ресурстар басқармасының журналға жауапты маманы (редакциялық бөлім) - журнал менеджері қолжазбаның техникалық талаптарға сәйкестігін тексереді. Автор мақаламен бірге журнал редакциясына мақаланың өзіндік сипатта жазылғандығы туралы Ілеспе хат, мақаланы плагиат мәніне тексеруге, әртүрлі деректер базасына және ақпараттық жүйелерге, оның ішінде толық мәтінді нұсқаларға енгізуге, жарияланған және баспагерге айрықша құқықтар берілген жағдайда келісімін беруге құқылы.
  2. Журнал менеджері плагиатқа арналған автоматты тексерудің лицензиялық жүйесі арқылы мақаланы орындау дербестігіне тексеруді жүзеге асырады (https://antiplagiat.enu.kz/). Мақаланы плагиатқа автоматты тексеру нәтижесі бойынша бойынша толық электронды есеп жүктеледі (жұмыстың түпнұсқалық көрсеткіші 70% кем болмауы қажет). Қанағаттанарлық нәтиже алмаған мақалалар одан әрі қарастыруға қабылданбайды. Журнал менеджері бұл туралы негізгі авторға/хат-хабар авторына хабар береді.
  3. Журнал менеджері түпнұсқалықтың қажетті межесінен өткен мақаланы бас редакторға (бағыт бойынша жауапты редакторға (бас редактордың орынбасарына)) жібереді. Бас редактор (жауапты редактор (бас редактордың орынбасары) бағыт бойынша) мақаланың журнал тақырыбына сәйкес келуін қарастырады. Мақала сәйкес келмеген жағдайда, редакция авторға жариялаудан бас тарту негіздемесімен бірге хат жолдайды. Орта есеппен, мақаланы бастапқы қарау уақыты 2 аптаны құрайды.
  4. Бас редактор (бағыт бойынша жауапты редактор) бастапқы іріктеуден өткен әрбір мақалаға ғалым немесе тиісті тақырып бойынша маман рецензентті тағайындайды.
  5. Журнал менеджері журналда мақала жариялау мүмкіндігін анықтау үшін рецензентке плагиатқа тексеру туралы толық есеппен бірге мақаланы жібереді.
  6. Журналда «екіжақты жабық» рецензиялау әдісі қолданылады, онда редакция авторлар мен рецензенттердің есімдерін құпия сақтайды. Рецензент журнал редакциясына зерттелетін тақырыптың өзектілігін, автордың ғылыми салаға қосқан үлесін, алынған нәтижелердің деңгейін қамтитын мақала бойынша негізделген рецензияны ұсынады. Барлық рецензиялар мақаланы жариялауға ұсыну (түзетуге жіберілген немесе өзгеріссіз) немесе оның қайтарылуы туралы толық ақпаратқа ие.
  7. Рецензияны қайта қарау үшін алған жағдайда автор мүмкіндігінше қысқа мерзімде мақаланың түзетілген нұсқасын ұсынуы қажет. Бұдан кейін мақаланың жөнделген/түзетілген нұсқасы рецензентке қайта қарастыруға жіберіледі. Қарастыру мақала бойынша рецензенттің соңғы шешімін алғанға дейін жалғасады. Рецензенттің ескертулерімен келісіп, бірақ оларды түзетуге ниет білдірмеген жағдайда (ескертулерді толық жоймай мақаланы үшінші рет ұсынғаннан кейін) мақала қабылданбайды. Рецензенттің ескертулерімен келіспеген жағдайда автор/авторлар журналдың бас редакторына негіздемеге сүйенген хат жібереді. Бас редактор автордың/авторлардың өтінішін қарастыра отырып, шешім қабылдайды.
  8. Мақала бойынша редакциялық алқаның барлық рецензиялары мен шешімдері мақала жіберу барысында метадеректерде көрсетілген негізгі авторға (немесе хат-хабар авторына) жіберіледі. Мақала бойынша барлық материалдар (мақаланың соңғы нұсқасы, рецензиялар, плагиат бойынша есеп және олар болған жағдайда басқа құжаттар) редакция алқасының отырысына жолданады. Журналда мақаланы жариялау мүмкіндігі туралы шешімді рецензенттердің пікірлері негізінде журналдың редакция алқасы қабылдайды. Редакция алқасынан теріс пікір алған немесе қайтарылған мақалалар қайта қарастыруға қабылданбайды. Мақалалар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда түпкілікті шешімді журналдың бас редакторы қабылдайды. Орташа есеппен жариялау туралы шешім 8 ай көлемінде қабылданады.
  9. Жариялау материалдың дайындығына қарай жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Редакция дайындалып жатқан шығарылымдардың айдарларына сәйкес кезек ретін қалыптастыруға құқылы.
  10. Шығарылымның мазмұнын анықтағаннан кейін менеджер мақалалардың мәтіндерін (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) түзету және журналды беттеу жұмыстарын ұйымдастырады.

Қолжазбаны өңдеуге арналған хронология