Негізгі ақпарат
Журналдың атауы: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Химия. География сериясы
ISSN: 3107-278X
Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні: Мерзімді баспа басылымын тіркеу туралы куәлік № KZ13VPY00135983, берілу күні: 05.12.2025 ж. Алғашқы тіркеу нөмірі мен күні: 16997-Ж, 27.03.2018 ж.
Мақсаты мен салалары
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы, «Химия. География» сериясы, химия және географияның барлық салаларындағы іргелі мен қолданбалы зерттеулер бойынша мақалалар ұсынады.
Химия секциясы биологиялық, экологиялық, сот-медициналық, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық және теориялық, сондай-ақ химиялық инженерияны қоса алғанда, іргелі және қолданбалы химияның барлық аспектілері бойынша түпнұсқа ғылыми мақалаларды, сондай-ақ шолу мақалаларын жариялайды.
Хабаршы география бағыты бойынша табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, географиялық болжау, кешенді аймақтық даму, рекреациялық зерттеулер, табиғи процестерді модельдеу және геоақпараттық әдістерді жетілдіруді қамтиды.
Шығу тілі: қазақша, орысша, ағылшынша
Шығу жиілігі: жылына 4 рет
Меншік иесі: «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Журнал Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының каталогіне енгізілген
Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіреді:
Химия – тізім 2
География – тізім 3
https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/documents/details/520901?lang=kk







