Жариялау этикасы

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Химия. География. Экология сериясы» журналының редакциялық саясаты Жариялау этикасы комитетінің Ғылыми басылымдардың этикалық принциптерін (COPE Publication Ethics: COPE) басшылыққа ала отырып, ғылыми мерзімді басылымдардың дәстүрлі әдеп-қағидаларына сай негізделген.

Авторлар үшін:

Автордың қолжазбаны редакцияға жіберуі мақаланың «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының Химия. География. Экология сериясы» журналында басуға, шетел тіліне аударылып қайта басылуына келісімін білдіреді. Автор мақаланы редакцияға жіберу арқылы автор туралы мәліметтің дұрыстығына, мақала көшірілмегендігіне (плагиаттың жоқтығына) және басқа да заңсыз көшірмелердің (мәтін, кесте, диаграмма, безендірудің барлық сызбалары заңды түрде тіркелгендігіне) жоқтығына кепілдеме береді.

Мақаламен бірге автор(лар) журнал редакциясына Ілеспе хат жібереді.

Жіберілген қолжазбаға қойылатын талаптарҚолжазба:

  • редакция талаптарына сәйкес рәсімделген болуы қажет;
  • басқа басылымда жарияланбаған және жариялауға жіберілмеген болуы керек;
  • оригиналды зерттеу нәтижелерін қамтуы қажет;
  • Автордың/авторлар тобының ғана зерттеу нәтижелерін қамтуы қажет.
  • Баспаға қолжазбаның жіберілуі автор/авторлардың мақаланың жіберілуімен таныстығын, қолжазбада көрсетілген авторлардың кезегіне қарсы еместігін білдіреді.
  • Әдебиеттер тізіміне тек зерттеу барысында пайдаланылған әдебиеттер енгізіледі.
  • Қолданылған барлық әдебиеттер тізімі (автордың/авторлар тобының еңбектерімен қоса) мақалада көрсетілуі қажет.

Рецензенттер үшін:

  • Рецензияға түскен əрбір мақала құпия құжат ретінде қарастырылады. Рецензент өзінің жазбаларында жіберілген мақаланың қандай да бір материалдарын пайдалана алмайды. Рецензент қолжазба материалдардын бас редактордың рұқсатымен ғана үшінші тұлғаға жіберуі мүмкін;
  • Журналда «екіжақты анонимді рецензиялау» саясаты қолданылады. Осыған байланысты, рецензия объектісі қолжазба авторы/авторлар тобы емес, қолжазбада алынған нәтижелер болып табылады. Рецензент шешімі автордың/авторлар тобының гендерлік, ұлттық, діни және басқа жеке қасиеттерінен тәуелсіз болуы қажет;
  • Рецензент редакцияға объективті түрде бағаланған қолжазбаға берілген пікірді және, қажет болған жағдайда, мақаланы жетілдіру ұсыныстарын беру қажет;
  • Рецензент зерттеу тақырыбының маманы болмаса, редакторды хабардар етіп, материалға пікір беруден бас тартуы қажет.

Редакторлар үшін:

Бас редактор және редакция алқасы мүшелерінің міндеттері:

  • авторлардың географиясын кеңейту мақсатында әртүрлі ұйым мен елдерде жұмыс жасайтын маман ғалымдарды журналға шақыру;
  • жарияланатын мақалалардың сапасына ерекше көңіл бөлу;
  • редколлегия алқасының отырыстарына қатысуға, журнал мазмұнын анықтайтын шешім қабылдауда өз пікірін білдіру қажет.

Бас редактор:

  • техникалық талаптарға сәйкестікке тексерілген әрбір мақалаға рецензент тағайындау;
  • Рецензенттердің пікірлерін негізге ала отырып, редколлегия алқасының отырысында қолжазбаны жариялау/қайтару туралы қорытынды (соңғы) шешім қабылдайды.
  • Бас редактор шешім қабылдауда тек мақаланың баспа стандарттарына сәйкестігі мен

онда алынған ғылыми нәтижелерді басшылыққа алады. Бас редактордың және редакция алқасының шешімі автордың/авторлар тобының гендерлік, ұлттық, діни және басқа жеке қасиеттеріне байланысты болмауы тиіс.

Редакция:

  • Журнал редакциясы мақала авторларымен тікелей жұмыс істейді және ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша авторларға қызмет көрсету агенттіктерімен жұмыс жүргізбейді.
  • Редакция авторлардың, редакторлар мен рецензенттердің этикалық емес мінез-құлқын анықтау кезінде қысқа мерзімде шешім қабылдауға міндетті. Авторлардың әдепке жат қылықтарына авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, оларды бұрмалау, дәйексөз келтірумен айла-шарғы жасау, заңсыз қарыз алу (плагиат), материалды басқа басылымдарға қатар беру жатады.
  • Қолжазбаны қарау немесе оны басып шығару алдында дайындау процесінде автордың(лардың) әдепке жат мінез-құлқы анықталған кезде редакция қолжазбаны одан әрі қараудан алып тастауға және автормен ынтымақтастықты тоқтатуға құқылы. Автордың әдепке жат мінез-құлқы оның мақаласы жарияланғаннан кейін анықталған жағдайда (қатар жариялау, авторлық құқықтарды бұзу, плагиат және т.б. фактілері анықталған) редакция автор (лар) дың әдепке жат мінез-құлқы туралы басқа журналдарды (мақала қатар жарияланған) хабардар ете отырып, журнал сайтынан да, сондай-ақ, мұрағаттау және ғылыми индекстеу базаларынан да мақаланы қайтару (алып тастау, кері қайтарып алу) туралы шешім қабылдауға құқылы. Редакция жарияланымға байланысты күрделі мәселелер (автордың әдепке жат мінез-құлқы, қателіктер және т.б.) анықталмаса, жарияланымды жою (ретрагациялау) туралы негізсіз шешімдер қабылдамауға міндетті.
  • Журнал рецензенттері мен редакторларының әдепке жат қылықтарына мақала мәтіндерін авторлардың келісімінсіз басқа журналдарға беру, авторлар материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтарды, редакциялық процестердің құпиялылығы қағидатын бұзу, сондай-ақ, авторлармен және қолжазбамен байланысты ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимылдар мен қатынастар салдарынан мүдделердің болуына байланысты материалдарды қолдау жатады.
  • Қарастырылған қолжазбаларға немесе жарияланған материалдарға қатысты шағымдар туындаған жағдайда редакция алқасы тиісті жауап шараларын қабылдауға міндетті: ең алдымен, мақала авторынан түсініктеме сұралады. Тергеу автордан қанағаттанарлықсыз жауап алған жағдайда ғана жүргізіледі.
  • Жоғарыда айтылмаған авторлардың, редакторлар мен рецензенттердің этикалық мінез-құлық нормаларын бұзудың ықтимал жағдайлары жариялау этикасы жөніндегі комитеттің ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулықтың(Committee on Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics) негізінде шешілетін болады.
  • Жарияланған мақалаларда қателер (формулаларда, техникалық себептер бойынша көрсеткіштерде) анықталған жағдайда түзетулер туралы ақпарат келесі нөмірлерде орналастырылуы мүмкін.
  • Редакция бас редакторға, редакция алқасы мен редалқа мүшелеріне, рецензенттерге журналда жариялауға мүмкіндік береді, бірақ олар өз ережелерін қолдана алмайды. Барлық мақалалар, соның ішінде, арнайы басылымдардың жауапты редакторларының мақалалары да рецензиялау рәсімінен өтеді және журналдың редакция алқасының отырысында қарастырылады.