Платинаны анықтау әдістері мен бөліп алуда қолданылатын экстрагенттер (шолу)


Қаралымдар: 93 / PDF жүктеулері: 102

Авторлар

  • М Киікбай
  • Г Қанай
  • С Досмағанбетова
  • К Тосмаганбетова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2021-134-1-24-33

Аңдатпа

Бұл жұмыста платина (IV) иондарын  аналитикалық анықтау әдістеріне және оларды бөліп алуда қолданылатын экстрагенттерге жүйелі әдеби шолу жүргізілді.

Әдеби шолуда қазіргі уақытта қолданылатын химилық, физикалық, физика-химиялық әдістер қарастырылды. Оның ішінде айтарлықтай селективті және сезімтал болып табылатын спектроскопиялық әдістерге үлкен назар аударылды.

Көп компонентті нысандардан платинаны  алу және оны анықтауда қолданылатын реагенттер мен экстрагенттердің бірнеше тобы қарастырылды.

Солардың ішінде фосфорорганикалық (үшбутилфосфат, ди-2-этилгексилфосфор қышқылы), жоғарымолекулалы алифатты спирттер, дифенилтиомочевина, жоғары күкіртті мұнайлардан бөлінген жоғарымолекулалық органикалық сульфидтер, оттекті, күкіртті қышқылдар және екіншілік ( А), үшіншілік( NНA) аминдер, диаминдер және төртіншілік аммонийлы негіздердің ( NA) негізіндегі бинарлы экстрагенттерді атап өтуге болады.

Қолданылатын экстрагенттердің барлығына (хлороформ, диэтил эфирі, төртхлорлы көміртек, т.б.) тән жалпы кемшілік – олардың судағы ерігіштігінің айтарлықтай жоғары болуы, улылығы, өртқауіптілігі.

Сондықтан, органикалық реагенттердің тиімділігін сұйық органикалық еріткіштердің кемшіліктерін жоятын экстрагенттермен ұштастыру түбегейлі маңызды. Мұндай реагенттер ретінде суда мүлде ерімейтін, улы емес, өрткеқауіпсіз, экстракциялық сыйымдылығы жоғары, селективті, заттардың аз мөлшерлеріне сезімтал болып келетін жеңіл балқитын органикалық заттар қолданылуы мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи