Металл иондарының флотореагенттермен комплекстерiнiң реакциялық қабiлеттiлiгiнiң термодинамикалық анализi


Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 77

Авторлар

  • Ш Амерханова
  • Р Шляпов
  • А Уали
  • М Татибаева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-122-1-13-20

Аңдатпа

: Металл иондарының калийдiң бутилксантагенатымен және натрийдiң дибутилдитиофосфатымен
комплекстерiнiң кинетикалық және термодинамикалық сипаттамаларының минералдардың физика-химиялық
параметрлерiмен өзара байланысы қарастырылды. Металдардың дибутилдитиофосфатты комплекстерiнiң ыдырауының
белсендену энергиясы мен сульфидтi минералдардың түзiлуiнiң орташа атомдық Гиббс энергиясы арасындағы
корреляциялық тәуелдiлiктер анықталды. Металл иондарының күкiрт- және фосфор-құрамды лигандтармен
комплекстерi үшiн Эванс-Поляни-Семенов принципi дәлелдендi. Рентген анализ нәтижелерi концентраттың құрамына
халькопирит, пирит, халькоцит, галендi минералдар кiретiнiн көрсеттi. Әрi қарай орташа атомдық Гибсс энергиясы үшiн
ұсынылған тәуелдiлiктерге сәйкес сульфидтi минералдардың бетiнде комплекстер түзiлуiнiң термодинамикалық және
кинетикалық параметрлерi есептелдi. Натрий дибутилдитиофосфатының колчеданды-мыс-мырышты кеннiң сульфидтi
минералдарымен әрекеттесу процесi минералдардың көп бөлiгi үшiн диффузиялық, ал халькоцит үшiн кинетикалық
режимде берiк беттiк қосылыстардың түзiлуiмен жүретiнiн көрсеттi. Комплекстердiң түзiлу жылуы үлкен дәрежеде
минералдардың энерготығыздықтарымен корреляциялайтыны орнатылды. Осыған орай, полиметалды кендердiң
реагенттермен байытылуының флотациялық режимiн құруда ерiтiндi мен қатты заттың (минералдың) кинетикалық
және термодинамикалық компоненттерiн ескеру қажет.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи