Азық-түлік Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастырудағы агроөнеркәсіптік кешеннің экономикалық-географиялық ерекшеліктері

Белдеу


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3107-278X-2026-154-1-135-153

Кілт сөздер:

азық-түлік белдеуі, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы өнімдері, агрофермалар

Аңдатпа

Аңдатпа: Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы соңғы жылдары Еуразия кеңістігіндегі қарқынды дамып келе жатқан ірі қалалардың бірі ретінде сипатталады. Урбандалу үдерісінің күшеюі, халық санының өсуі және тұтыну нарығының кеңеюі елорда мен оған іргелес аумақтарда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін арттыра түсуде. Ірі қалалар мен агломерациялар халқын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру қаланың айналасында мамандандырылған ауыл шаруашылығы аймақтарын қалыптастыруды, өндіріс көлемін ұлғайту мен ауыл шаруашылығын интенсификациялау бағыттарын іздестіруді талап етеді. Осыған байланысты елорданы отандық азық-түлік тауарларымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қаланың өзінде және одан 300 км радиуста орналасқан Ақмола мен Қарағанды облыстарындағы кәсіпорындар мен шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін, әсіресе шикізат базасын дамытуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар салу, сақтау және логистика инфрақұрылымын күшейту, сондай-ақ астана маңында жоғары сапалы өнім өндіруге бағдарланған азық-түлік белдеуін қалыптастыру стратегиялық тұрғыдан маңызды.

      Мақалада Астана қаласы маңы аумағын дамытудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттары қарастырылып, азық-түлік белдеуінің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін негізгі факторлар жүйеленеді. Зерттеудің мақсаты - Астана маңы жағдайымен, табиғи, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық ресурстардың оңтайлы үйлесімімен ерекшеленетін Астана қаласының азық-түлік белдеуі аймағын дамытудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын анықтау және оның әлеуетіне баға беру. Зерттеу барысында салыстырмалы-географиялық талдау, статистикалық деректерді жүйелеу және картографиялық тәсілдер қолданылып, кәсіпорындардың аумақтық орналасу ерекшеліктері бағаланды. Көліктік-географиялық жағдай өңірдің көлік желілеріне, көлік тораптары мен ағындарына қатысты жағдайын анықтайды. Ол өндіріс элементтеріне қатысты орнына қарай бөлінетін, экономикалық-географиялық жағдайдың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Зерттеліп отырған аумақтың экономикалық-географиялық жағдайының тиімділігі, оның астана маңы мәртебесінің болуы, маңызды темір жол және автомобиль жолдарының қиылысында орналасуы өңірге жоғары көліктік әлеуетті қамтамасыз етеді. Облыста республика бойынша темір жол бағыттарының ең жоғары тығыздығы тіркелген. Сонымен бірге даму шарттарының күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен кедергілері сараланып, аумақтың әлеуметтік-экономикалық SWOT-талдауы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Ақмола облысының Бурабай, Қорғалжын, Аршалы және Ақкөл аудандары одан әрі дамыту үшін абсолютті басымдықтарға ие аумақтар ретінде айқындалды. Алынған қорытындылар елорданың азық-түлікпен қамтылуын арттыруға, агроөндіріс пен өңдеу саласын дамытуға және өңірлік агрологистика жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Әдебиеттер тізімі

Baransky, N. N. (1980). Geographical and economic sites (Geograficheskie i ekonomicheskie obekty in Russian). https://rusneb.ru/catalog/002744_000053

Kolosovsky, N. N. (1958). Fundamentals of economic zoning (Osnovy ekonomicheskogo rajonirovaniya in Russian). https://champ.proftest.ru

Saushkin, Yu. G. (1973). Economic geography: history, theory, methods, practice (Ekonomicheskaya geografiya in Russian). http://www.ecoross.ru/files/books2016

Rakitnikov, A. N. (1970). Geography of agriculture (Geografiya sel'skogo hozyajstva in Russian). https://rgub.ru/searchopac/book.php?id=RGUBBIBL000744273

Kryuchkov, V. G. (1987). Land use and food resources (Zemlepol'zovanie i prodovol'stvennye resursy in Russian). https://earthpapers.net

Nosonov, A. M. (2001). Territorial systems of agriculture. Economicand geographical foundations of research (Territorial'nye sistemy sel'skogo hozyajstva in Russian). Moscow, 12-77.

Mints, A. A. (1972). Economic assessment of natural resources (Ekonomicheskaya ocenka prirodnyh resursov in Russian). Moscow, 302-305.

Pulyakin, V. A., Vlasova, T. K., & Nadirova, A. A. (1992). The global food problem: a geographical analysis (Global'naya prodovol'stvennaya problema: geograficheskij analiz in Russian). Nauka, 200-201.

Michurina, F. Z. (1984). Prospects of social development of the village (Perspektivy social'nogo razvitiya sela in Russian). https://www.dissercat.com

Kovalev, S. A. (1965). Economic geography in the USSR: History and modern development (Ekonomicheskaya geografiya v SSSR: istoriya i sovremennoe razvitie in Russian). Nauka, 38-41.

Nefedova, T. G., Polyan, P. M., & Treivish, A. I. (2001). City and village in European Russia: one hundred years of change (Goroda i sela Evropejskoj chasti Rossii: sto let peremen in Russian). https://imwerden.de/pdf/gorod_i_derevnya_v_evropejskoj_rossii_sto_let_peremen_2001__izd.pdf

Palamarchuk, M. M. (1980). Agro-industrial complex and development problems of the Kiev metropolitan region (Agropromyshlennyj kompleks i problemy razvitiya Kievskoj aglomeracii in Russian). Nauka, 92–101.

Suleimenov, J. J., & Uspanova, M. U. (2011). The agricultural sector of the economy of Kazakhstan in the context of globalization (Agrarnyj sektor ekonomiki Kazahstana v usloviyah globalizacii in Russian). http://www.irbis-nbuv.gov.ua

Alshanov, R. A. (2006). Kazakhstan in the global agricultural market: potential, problems and their solution (Kazahstan na mirovom sel'skohozyajstvennom rynke: potencial, problemy i ih reshenie in Russian). https://kazneb.kz/ ru/ bookView/view?br =1104789&simple=true

Abalkin, L. I. (1987). Theoretical foundations of the restructuring of the economic mechanism (Teoreticheskie osnovy restrukturizacii ekonomicheskogo mekhanizma in Russian). (pp. 30-32). https://theoreticaleconomy.ru/ru/storage/view/144822

Belgibaev, K. M., Autov, P. P., & Sarymsakova, S. S. (1992). Cost-effective concept of increasing the efficiency of agricultural production (Ekonomicheski vygodnaya koncepciya povysheniya effektivnosti sel'skohozyajstvennogo proizvodstva in Russian). Alma-Ata: Kazshi, 45 p. https://www.dissercat.com

Government of the Republic of Kazakhstan. (2017). Roadmap for the formation of the food belt of Astana for 2018–2021, approved by the decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated October 13, 2017. No. 645. https://adilet.zan.kz

Ospanova, G. Sh., Saipov, A. A., Sergeyeva, A. M., Saparov, K. T., Omirzakova, M. Zh., & Nurymova, R. D. (2022). Potential for the development of agritourism in the food supply zone of the Republic of Kazakhstan, Nur-Sultan city. GeoJournal of Tourism and Geosites, 44(4), 1253–1259. https://doi.org/10.30892/gtg.44409-941

State institution “Department of agriculture and land relations of Akmola region”. (2023). https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/article/details/76973

Ospanova, G. Sh., Saipov, A. A., Baizhanova, B. K., & Nurymova, R. D. (2020). Indicators that increase the effectiveness of the economic and geographical position of the city of Nur-Sultan contributing to the formation and development of the food belt (Ekonomiko-geograficheskogo polozheniya goroda Nur-Sultan in Russian). Science and Education, 4-2(61), 118–125. https://vestnik.satbayev.university

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

География

Similar Articles

1 2 3 4 5 6 7 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.