Күкiртперлиттi қалдықтың жоңышқа өнiмдiлiгiне және ауыр металдардың (Cd, Pb, Zn) транслокациясына әсерi
Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 70
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2019-126-1-60-67Аңдатпа
Мақалада сұр топырақ - күкiртперлиттi қалдық-өсiмдiк жүйесiндегi ауыр
металдардың (Cd, Pb, Zn) мөлшерiне сәйкес транслокациялануы және жоңышқаның
өнiмдiлiгiне тигiзетiн әсерлерiн айқындау мақсатында өткiзiлген далалық тәжiрибе
жұмыстарының нәтижелерi келтiрiлген. Тәжiрибелiк нәтижелер бойынша күкiртперлиттi
қалдық сорбенттiк рөл атқаратыны және бүл құрамға тыңайтқыштық, мелиоранттық қасиет
тән екенi айқындалды. Жоңышқаның өнiмдiлiгi ауыр металдардың түрлерi мен мөлшерлерiне
байланысты екенi дәлелдендi. Ауыр металдармен техногендi түрде ластанған топырақтан
алынған жоңышқаның бiрiншi орымын жем-шөп ретiнде пайдалануға болмайтыны; екiншi,
үшiншi, т.б. орымдар арқылы алынған жоңышқаның беткi бөлiгiнде транслокацияланған
ауыр металдардың (Cd, Zn) мөлшерлерi ШРК-дан төмен болғандықтан экологиялық тұрғыдан
қарастырғанда жем-азықтық, дәрiлiк өнiм ретiнде қолдануға болатыны анықталды. Ал
қорғасынмен ластанған топырақта өсiрiлген жоңышқаның кез келген орымы жем-азық,
медициналық құрал ретiнде қолдануға жатпайды.