Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы сирек және эндемикалық өсімдіктер түрлерінің экологиялық және биологиялық ерекшеліктері


Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-149-4-166-184

Кілт сөздер:

сирек және жойылып бара жатқан эндемикалық өсімдіктер түрлері, экологиялық факторлар, популяция, биологиялық әртүрлілік

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген оңтүстік-шығыс Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген эндемикалық өсімдіктерінің түр құрамына экологиялық-биологиялық талдау нәтижелері берілген. Бұл зерттеу тақырыбының маңыздылығы Қазақстанның оңтүстік-шығысында өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлерінің экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін жан-жақты және терең білу қажеттілігімен анықталады. Зерттеу Қазақстанның оңтүстік-шығысында (Іле Алатауы, Кетпен) жүргізілді, мұнда зерттеу объектісі табиғи популяциялардан сирек және жойылып бара жатқан эндемикалық өсімдіктер түрлерінің өкілдері болды: Astragalus rubtzovii Boriss, Taraxacum kok-saghyz L.E. Rodin., Schmalhausenia nidulans (Regel) Petr. Betula Jarmolenkoana Golosk., Rheum wittrockii Lundstr. Сирек және эндемикалық өсімдік түрлерінің ценопопуляциясының жағдайын зерттеу маршруттық және жартылай стационарлық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Жұмыстың жаңалығы алғашқы рет Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан эндемикалық өсімдік түрлерінің ең толық экологиялық-биологиялық сипаттамалары беріліп, олардың биологиялық ерекшеліктері мен тіршілік ету ортасынын зерттеу болып табылды. Зерттелетін аумақта сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген 5 эндемикалық өсімдік түрі, тіршілік формасының 2 түрімен ұсынылған, сонымен қоса мұнда сирек және эндемиялық түрлердің арасында басым топ гемиокриптофиттер (көпжылдық өсімдіктер) және фанерофиттің бір түрі – сүректі өсімдік (Betula Jarmolenkoana) болып табылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.