Қоршаған ортадағы фармацевтикалық ингредиенттер: олардың таралуы мен биотаға әсерi
Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 77
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2018-125-4-28-33Аңдатпа
Бұл мақалада фармацевтикалық ластану проблемасы қарастырылады. Қазiргi уақытта
фармацевтикалық препараттар адам өмiрiнде маңызды рөл атқарады. Адамзат оларды адам мен ветеринарлық
медицинада пайдаланады. Бұл химиялық заттар тiрi организмдердiң ауруларын емдеуге арналған. Алайда, олардың
қоршаған ортаға шығарылғаннан кейiн тiрi организмдерге олардың қылығы мен әсерi туралы мәлiметтер жоқ. Соңғы
зерттеулерде Еуропада және Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) ағын және беткей суларында фармацевтикалық
ингредиенттердiң әр түрлi концентрациясын анықталды. Дегенмен, қоршаған ортадағы дәрiлiк препараттардың таралуы
әлi де толық зерттелмеген. Фармацевтикалық ингредиенттердiң биотаға, әсiресе су ортасында терiс әсерiн тигiзетiнiне
күмән жоқ. Дәрiлiк заттардың тiптi төмен концентрациясы су ағзаларына терiс әсер тигiзуi мүмкiн. Анальгетиктер,
қабынуға қарсы дәрiлер және антибиотиктер қоршаған ортадағы фармацевтикалық препараттардың кең таралған
түрi болып табылады және олар қоршаған ортадағы тiрi ағзаларға өте жағымсыз әсер етуi мүмкiн. Сондықтан,
дәрi-дәрмектердiң қоршаған ортаны ластануы туралы зерттеулердi жалғастырып, олардың биотаға әсерi бойынша
экотоксикологиялық зерттеулер жүргiзу маңызды болып табылады.