Қазақстан Республикасындағы эрозиялық үдерістер


Қаралымдар: 85 / PDF жүктеулері: 14

Авторлар

  • Нургуль Сиханова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1605-4794
  • Ерлан Шынбергенов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8412-434X
  • Гулзинат Алдамбергенова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4583-612X

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-148-3-158-172

Кілт сөздер:

экологиялық мониторинг, топырақтың азуы, су эрозиясы

Аңдатпа

Топырақ эрозиясы жердің өнімділігінің төмендеуіне және телімнен тыс көптеген зардапқа әкелу арқылы топырақтың қызметіне едәуір қауіп төндіреді. Су, жел эрозиясы, топырақты өңдеу мен өнімді жинау барысында топыраққа төнетін қауіптілік деңгейі және аталған физикалық тұрғыдан әртүрлі үдерістердің бір мезгілде орын алуы байқалған аймақтарға салдары еселене түседі. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасы территориясындағы эрозиялық үдерістердің таралу аймақтарын, облыстар бойынша топырақтың су және жел эрозиясына ұшыраған аумақтарын сипаттау, электронды картография құралдарын пайдаланып тақырыптық карталарды құрастыру, талдау жасау. Зерттеулер нәтижесінде еліміз бойынша ауылшаруашылығы алқаптарынан шайылған топырақтың ең көп көлемі Түркістан облысына (933,7 мың га. немесе өңірдің ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданынан үлесі 18,9%) тиесілі екендігі анықталды, мұнан бөлек егістіктерден шайылған топырақтың ауданы бойынша – Ақмола облысы (351,3 мың га. немесе егістіктің жалпы ауданынан үлесі 28,8%) көш бастап тұр. Қазақстан Республикасындағы жел эрозиясына ұшыраған топырақтың жер көлемі бойынша Атырау облысы (3 133,9 мың га. немесе ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданынан 13%), егістіктің дефляцияланған жерлерінің ауданы бойынша Павлодар облысының (334,3 мың га. немесе егістіктің жалпы ауданынан 74%) үлесі басым. Республика бойынша жел эрозиясына ұшыраған егістіктің жалпы ауданы 451,8 мың га. екендігін ескерсек, Павлодар облысында тіркелген шама топырақтанушы ғалымдардың жіті назар аударып, эрозияға қарсы шаралар мен тәсілдерді қолдануын талап етеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

<< < 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.