Дамушы жаңа туристік бағыт: Масбате провинциясының географиялық ресурстары мен туристік әлеуеті (Филиппин Республикасы)


Қаралымдар: 806 / PDF жүктеулері: 99

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-147-2-107-134

Кілт сөздер:

Масбате провинциясы, туристік орындар, Филиппин Республикасы, халықаралық туризм, Филиппин архипелагы

Аңдатпа

Филиппин архипелагының орталық бөлігінде орналасқан Сибуян, Висаян және Самар теңіздерімен қоршалған Масбате провинциясына 3 үлкен арал (Масбате, Тикао және Буриас) және көптеген шағын аралдар кіреді. Масбате провинциясының құрамындағы барлық аралдар физикалық географиясы орналасуы бойынша Лусон аралдары тобына кіреді; саяси-әкімшілік географиясы жағынан да олар «Бикөл әкімшілік аймағының» ішінде орналасқан. Әкімшілік құрылымы бойынша Масбате провинциясында 20 аудан, 1 қала (Масбате) және 550 барангай бар. Масбате провинциясының бай табиғи ресурстары мен кен орындары, ауыл шаруашылығы және балық аулау әлеуеті жоғары болғанына қарамастан, халықаралық туризмде әлі де айтарлықтай табысқа жете алмады. Бұл зерттеуде Масбате провинциясының ең үлкен аралдары болып табылатын Масбате, Тикао және Буриас зерттеліп, талданып, олардың географиялық ерекшеліктері, туристік әлеуеті мен аралдардың туристік тартымдылығы да қарастырылған. Бұл мақалада Масбате провинциясындағы негізгі орналастыру орындары, қорықтары, аралдары мен жағажайлары, табиғи және мәдени туристік көрікті жерлері, сондай-ақ, Масбате провинциясындағы туризмнің артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланған. Зерттеудің негізгі мақсаты – оқырмандарды шетелдік туристер арасында аса танымалдығы жоқ Масбате провинциясының туристік ресурстарымен, мәдени байлығымен және табиғи сұлулығымен таныстыру, сондай-ақ Масбате провинциясының атын әлемдік туристік нарықта танымал ету және қызығушылық танытатын туристер үшін жаңа демалыс нұсқаларын ұсыну.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Similar Articles

1 2 3 4 5 > >> 

You may also start an advanced similarity search for this article.