CERATOIDES LATENS СҰР ТЕРЕСКЕНДЕРДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Қаралымдар: 349 / PDF жүктеулері: 31
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6771-2024-147-2-10-23Кілт сөздер:
Eurotia Ceratoides latens, бұта Eurotia, химиялық қасиеттері, терескенАңдатпа
Бүгінгі таңда табиғи флораның көпжылдық өсімдіктері құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді жем өсімдіктерін өндіруге арналған шикізат ресурсы болып табылады, олардың арасында Eurotia Ceratoides ерекше орын алады.
Бұл жұмыста Eurotia Ceratoides latens (J.F. Gmel) тұқымының химиялық қасиеттері зерттеліп, топырақтағы қарашірік мөлшері анықталды, ашық сұр топырақтың химиялық және физика-химиялық қасиеттері (қарашірік, су, карбонат иондары, азот мөлшері) анықталды. Қарашірік құрамы органикалық көміртектің хром қышқылымен көмірқышқыл газына дейін тотығуы негізінде анықталды.
Eurotia Ceratoides Latens химиялық құрамы өсімдіктегі қоректік заттардың (ақуыз, талшық, май, азотсыз экстракцияланатын заттар, күл) және суда еритін заттардың (C, CO2, Ca, Mg) мөлшеріне талдау негізінде жасалды. Өсімдіктердегі күл мөлшері вегетациялық фазаларына сәйкес өзгермейтіні анықталды, ол өсімдіктердің жасына қарай 9,11-10,05% аралығында, ал сәйкесінше кальций мөлшері 3,67-4,90 деңгейінде болды. «Шикі» талшықтың құрамы Сокслет аппаратының көмегімен анықталды, топырақтағы кальций катиондарының құрамы комплексометриялық әдіспен бағаланды. Шикі ақуызды, шикі майды эфирлік экстракциялау әдісі арқылы анықтау үшін Кьельдал әдісі қолданылды және колориметриялық әдіспен аммоний оксалаты мен фосфордың қаныққан ерітіндісімен тұндыру арқылы күлдегі азотсыз экстракциялық заттар анықталды. Сонымен қатар, Eurotia Ceratoides latens-тің тағамдық құндылығы анықталды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Rashida Zhanaliyeva , Bazarkhan Imangaliyeva , Bigamila Torsykbaeva , Nuraly Yeskaraev , Нурбала Убайдулаева, Nurtalap Sultanov
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.